Centek 87 л (26л/61л) 475x495x852 мм (ДхШхВ), 80 Вт GMCC, 2 полки, 42 dB, A+ CT-1704 Инструкция онлайн [8/32] 870471
![Centek 87 л (26л/61л) 475x495x852 мм (ДхШхВ), 80 Вт GMCC, 2 полки, 42 dB, A+ CT-1704 Инструкция онлайн [8/32] 870471](/views2/2109098/page8/bg8.png)
7
– Шыны сөре - 2 дана
– Есік сөрелері - 3 дана
– Мұз қатыратын қалып - 1 дана
– Мұз қырнағыш - 1 дана
– Жұмыртқа салатын науа - 1 дана
– Көкөністерге арналған контейнер - 1 дана
АСПАПТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1. Мұздатқыш камера
2. Температура реттегіші
3. Шыны сөрелер
4. Көкөністерге арналған контейнер
5. Реттелетін табандар
6. Есік сөрелері
3. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Құралды тасымалдау немесе алып жүру кезінде оны асты-
нан ұстаңыз және тік күйінде алып жүріңіз. Тоңазытқышты
45°-тан артық еңкейтуге болмайды. Ешқашан оны төңкеріп
қоймаңыз. Құралды қырынан немесе шалқайтып қоймаңыз.
Егер ол қырынан, шалқайтып немесе еңкейтіп қойылған бол-
са, құралды тасымалдауға болмайды. Тасымалдау кезінде
есігін тіреу ретінде пайдаланбаңыз. Бұл құралды істен
шығаруы мүмкін. Тоңазытқыштың екі артқы табаны роликтер-
мен жабдықталған. Асүйде жылжыту және құралды орнына
дәл орнату үшін тоңазытқышты артқа қарай сәл қиғаштап,
жылжытыңыз. Тоңазытқыштың алдыңғы екі табанының биіктігін
реттеуге болады. Құралды дәл орналастыру үшін, алдыңғы та-
бандарын солға немесе оңға құрал еденде қозғалмайтындай
етіп бұраңыз. Салқындатқыш агенттің тасымалданғаннан
кейін дұрыс таралғанына сенімді болу үшін тоңазытқышты
тасымалдағаннан және орнатқаннан кейін, оны электр желісіне
қоспас бұрын үш сағаттай күтіңіз бұл тоңазытқыш дұрыс жұмыс
жасауы үшін қажет.
4. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ
Дұрыс орнату тоңазытқыштың сенімді және тиімді жұмысын
қамтамасыз ету үшін қажет. Тоңазытқышты астынан ұстап
көтеру қажет. Есігінен немесе тұтқасынан тартпаңыз.
Өндірушінің кепілдігі қайта орнатылып қойылған кезде бүлінген
есікке берілмейді. Мұндай жағдайларға байланысты жөндеу
иесінің есебінен жүзеге асырылады.
ЕСІКТЕРДІ ҚАЙТА ІЛУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есіктерді ауыстырып ілу рәсімін орындау
үшін білікті маманға жүгіну ұсынылады.
Егер сіз тоңазытқыштың есігін өз бетіңізбен қайта орнатуды
шешсеңіз, осы нұсқаулықтың төменде көрсетілген нұсқауларын
назарға алыңыз.
Қажетті құрал-саймандар: айқыш бұрағыш, жалпақ бұрағыш,
алтықырлы кілт.
– Тоңазытқышты электр желісінен ажыратыңыз.
– Тоңазытқыш бөлімінен барлық өнімдерді шығарыңыз.
– Тоңазытқышты еңкейтіңіз.
– Тоңазытқыштың аяқтарын шешіп алыңыз.
– Төменгі ілмектерін ұстап тұратын болттарын ағытыңыз (1-су-
рет).
– Тоңазытқыштың есігін шешіп алыңыз.
– Болттарын ағытып, ортаңғы ілмектері мен мұздатқыштың
есігін шешіп алыңыз.
– Жоғарғы ілмектің штативін шешіп алыңыз.
– Штативті қарсы бетіне жылжытыңыз.
– Ілмектердің штативтерін қарсы бетіне жылжытыңыз (2-сурет).
– Мұздатқыш камераның есігін орнатыңыз.
– Ортаңғы ілмегін орнатыңыз.
– Тоңазытқыштың есігін орнатыңыз.
– Астыңғы ілмегін орнатыңыз.
– Төменгі аяқтарын орнатыңыз.
Сурет 1
Сурет 2
Сурет 3
Ортаңғы ілмек
ЖЕЛДЕТУ
Жұмыс барысында тоңазытқыштың компрессоры мен кон-
денсаторы қызады, сондықтан құралды жеткілікті желдетуді
қамтамасыз ету қажет.
– Тоңазытқыш ылғалдылығы қалыпты, жақсы желдетілетін үй-
жайда орнатылуы тиіс. Тоңазытқышты ылғалдылығы жоғары
үй-жайларда, мысалы, жуынатын бөлмелерде, жертөлелерде
орнатуға тыйым салынады.
– Орнату кезінде ауа еркін айналып тұруы үшін құралдың екі
жағынан кем дегенде 3-5 см және үстінен 10 см саңылау
қалуын қамтамасыз етіңіз. Құралдың артындағы ауа айналы-
мын жауып тастамаңыз.
– Жылу көздеріне жақын орналастырмаңыз.
– Тоңазытқышты күн сәулесінің тікелей әсеріне ұрындыруға
немесе жылу көздерінің (ас үй плиталары, духовкалар, ка-
миндер) қасына орнатуға болмайды.
ТЕГІСТЕУ
Тоңазытқыш тиімді жұмыс істеуі үшін оның еден бетіне тегіс
орналасуы маңызды. Тоңазытқышты тиісті орнына орнатқаннан
кейін, оның алдыңғы жағындағы қажетті қалпын рет-
теу тіректерін бұрап реттеңіз. Тоңазытқыштың артқа қарай
көлбеулігі 5°-тан аспауы тиіс.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Тоңазытқыш электр тогынан қорғалу дәрежесі жөнінен 1-класқа
сәйкес келеді және жерге қосқыш түйіспесі бар екі полюсті
розетканың көмегімен электр желісіне қосылады.
Электр желісіне қосар алдында келесілерге көз жеткізіңіз:
– желі кернеуі тоңазытқыштың артқы жағында арнайы тақтада
көрсетілген деректерге сәйкес келетініне;
– электр розеткасының жерге қосқыш түйіспесі электр желісінің
қуат беру кабелінің жерге қосқыш сымымен жалғанғанына
(жалғағыш сым 10 A кем емес токқа есептелуі тиіс);
– розетка мен аша бір типті болуы тиіс; егер розетка ашаға
сәйкес келмесе, ашаға сәйкес келетін басқа қуат беру бауы-
мен ауыстыру керек (жұмыстарды білікті электрик орындауы
тиіс).
Тоңазытқыш розеткаға өтетін жолды бөгемей орнатылуы
тиіс. Осы нұсқаулықта баяндалған қуаты үлкен тұрмыстық
құралдардың қауіпсіздік талаптарын бұза отырып қосылған
тоңазытқыш қауіпті болуі мүмкін.
Орнатудың көрсетілген нормаларын бұзу салдарынан
денсаулыққа және мүлікке келтірілген зиян үшін өндіруші жа-
уап бермейді.
Похожие устройства
- Centek белый 262 л (65 л/197 л) 545x552x1775 мм (ДхШхВ) A, 39 дБ CT-1714 Инструкция
- Centek multi No-Frost 360 л (84 л/276 л) 595x635x2010 мм, А++,GMCC CT-1733 INOX Инструкция
- Kitfort КТ-4116 Инструкция КТ-4116
- Harper HRF-T120M BLUE NEW H00003472 Инструкция
- ZUGEL ZRI1760FNF Инструкция к товару
- Olto RF-140C SILVER O00002792 Инструкция по эксплуатации
- Oursson белый RF0710/WH Руководство по эксплуатации
- Oursson красный RF1005/RD Инструкция по применению
- Oursson красный RF1005/RD Брошюра
- Tesler RC-95 BLACK 00000095969 Руководство по эксплуатации
- Tesler RC-95 WOOD 00000010070 Руководство по эксплуатации
- VIATTO va-sc08d 173715 Инструкция к товару
- VIATTO SC248 162303 Шкаф холодильный SC248
- VIATTO SC250 162304 Шкаф холодильный SC248
- VIATTO sc315 162305 Инструкция к товару
- VIATTO sc316 162306 Инструкция к товару
- VIATTO VA-BC42 158538 VIATTO Шкаф холодильный VA-BC42
- VIATTO VA-JC62W 158028 VA-JC62W
- VIATTO VA-JC88WD 158034 VA-JC88WD
- VIATTO va-sc52 159107 Инструкция к товару