Centek 87 л (26л/61л) 475x495x852 мм (ДхШхВ), 80 Вт GMCC, 2 полки, 42 dB, A+ CT-1704 Инструкция онлайн [9/32] 870471

Centek 87 л (26л/61л) 475x495x852 мм (ДхШхВ), 80 Вт GMCC, 2 полки, 42 dB, A+ CT-1704 Инструкция онлайн [9/32] 870471
8
5. ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
ҚОСАРДАН БҰРЫН
Тоңазытқышты электр желісіне орнатылғаннан кейін
үш сағаттан соң қосу керек. Осылайша салқындатқыш
агент тасымалдағаннан кейін тиісті түрде таралады-бұл
тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Тоңазытқышты электр желісіне қосқаннан кейін бірнеше сағат
өткен соң ғана оған өнімдерді қоюға болады.
Компрессор мен артқы қабырға арасындағы тасымалдауға
арналған кергіштерді, сондай-ақ құралдың жылжымалы
бөліктерін ығысудан қорғайтын басқа кергіштер мен желімді
таспаларды алып тастаңыз.
Егер құралдың полимер қабықтан жасалған қорғаныш жабыны
бар болса, оны тетіктердің лак-бояу немесе полимер жабынын
зақымдамау үшін сақтық шараларын сақтай отырып, алып
тастаңыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШ КАМЕРАНЫ ПАЙДАЛАНУ
Тоңазытқыш бөлік ішіндегі температура термореттегіш тұтқасын
бұрау арқылы орнатылады. Термореттегішті орташа қалыпқа
орнатыңыз. Тоңазытқыш бөлігіндегі салқын ауа төмендеу
температура бөліктің төменгі бөлігінде орнығатындай етіп ай-
налып тұрады. Азық-түлік сақтаудың оңтайлы жағдайларын
қамтамасыз ету үшін оларды бөліктерге дұрыс орналастыру
жөніндегі нұсқауларды орындаңыз: егер дұрыс сақталмаса,
тіпті соңғы сатып алынған өнімдердің өзі бүлінеді.
Тоңазытқыш бөлігі ыңғайлы сөрелермен жабдықталған,
олардың биіктігін арнайы бағыттағыштардың көмегімен реттеуге
болады. Бұл үлкен қаптамалар мен биік шөлмектерді сөрелерге
орналастыруға мүмкіндік береді. Ылғалдылықтың артуына
жол бермеу үшін қақпағы жоқ ыдыстардағы сұйықтықтарды
тоңазытқышқа қоймаңыз, өйткені бұл тоңазытқыштағы
температураның жоғарылауына әкеледі.
МҰЗДАТҚЫШ КАМЕРАНЫ ПАЙДАЛАНУ
Азық-түлікті сақтаудың ең жақсы жағдайларын қамтамасыз
ету үшін төмендегі ұсынбаларға назар аударыңыз. Мұздатқыш
камерада мұздатуға және сақтауға арналған тамақ өнімдерін
артық қырау тұрып қалмас үшін мұқият орау керек.
Мұздатқыш камераның ішіне орналастырылған өнімдер артқы
және бүйірлік қабырғалармен жанаспағаны жөн.
Дұрыс сақтау және кейін жібіту оңай болуы үшін өнімдерді
шағын мөлшерлермен салыңыз.
Мұздатқышқа қатып қалатын сұйықтықтарға толы шыны
ыдыстарды, әсіресе ауыздары тығыз жабылған болса немесе
ішінде газдалған сусындар болса, ұзақ уақытқа қоймаңыз.
Кристалданған сұйықтық ыдысты сындыруы мүмкін.
Ылғалдылықтың артуына жол бермеу үшін қақпағы жоқ
ыдыстардағы сұйықтықтарды мұздатқыш камераға
қоймаңыз, өйткені бұл температураның жоғарылауына
әкеледі.
6. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Тоңазытқыштағы өнімді еріту үшін термореттегіш тұтқасын
«0» қалпына келтіріңіз және тоңазытқышты электр желісінен
ажыратыңыз. Жібіту кезінде мұздатылған тағамдарды бірнеше
қабатқа орап, мүмкіндігінше суық жерге қойыңыз. Қайта қоспас
бұрын тоңазытқыш бөлігін жуыңыз және мұқият құрғатыңыз.
Егер мұздатқыш камерада жұмыс кезінде қалыңдығы 5 мм
асатын қырау қабаты пайда болса, оны жібітуге дайындау
керек. Бұл үшін оның ішіндегі өнімдерді шығарып, оларды
тоңазытқыш камераның сөрелеріне орналастыру қажет. Бұдан
кейін мұздатқыш камераның есігін ашық қалдырыңыз және
еріген суды жинау үшін кез-келген ыдысты қойыңыз, содан кейін
мұздатқыш камераны жуып, құрғатыңыз.
Иістердің пайда болуына жол бермеу үшін әрдайым өткір иісі бар
өнімдерді тығыз жабылатын контейнерлерде сақтаңыз, әйтпесе
сіңген иістерді кетіру қиын болады.
Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін губкамен немесе
жұмсақ шүберекпен жуыңыз. Жебір емес жуғыш құралдарды
пайдаланыңыз. Ешқашан ұнтақты абразивті заттарды, сілтілі
құрамдарды, органикалық қышқылдар мен ыстық суды
қолданбаңыз, бұл лак-бояу жабынын зақымдауы мүмкін. Үшкір
немесе металл заттарды пайдаланбаңыз, бұл тоңазытқышты
зақымдауы мүмкін.
Барлық алынбалы бөліктерді сабын немесе жуғыш зат
ерітіндісімен жууға болады. Оларды ыдыс жуғыш машина-
да жууға да болады. Барлық алынбалы бөліктерді қайтадан
тоңазытқышқа салмас бұрын мұқият кептіру керек екенін
ұмытпаңыз.
Тоңазытқыштың конденсаторында шаң жиналып, оның қалыпты
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Үйлесетін қондырмаларды пайдалана отырып, тоңазытқыштың
артқы жақтауының шаңын абайлап сорып алыңыз.
Егер тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз,
оны қоректендіру көзінен ажыратып, ішін жуып, құрғатыңыз,
бөтен иістер пайда болмас үшін және іші көгеріп кетпес үшін
есіктерін ашық қалдырыңыз.
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША ҰСЫНБАЛАР
Тоңазытқышты дұрыс орнатыңыз
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ тармағының ұсынбаларына сәйкес
жақсы желдетілетін үй-жайда, жылу көздерінен жеткілікті
қашықтықта орнатылуы тиіс.
Температураны дұрыс орнатыңыз
Термореттегішті орташа қалыпқа орнатыңыз. Тым төмен темпе-
ратура орнатылса, бұл электр энергиясының шығынын артты-
рады, алайда өнімдердің сақталуын жақсартпайды.
Тоңазытқышқа тамақты тым көп салмаңыз
Өнімдерді дұрыс сақтау үшін ауа жеткілікті түрде айналып
тұруы тиіс. Тым көп салынған азық-түлік ауаның еркін айна-
луына, тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі туғызып,
электр энергиясының қосымша шығынын тудырады.
Есігін жауып қойыңыз
Есіктерін тек қажет болған жағдайда ғана ашыңыз, есік
ашылған сайын тоңазытқыштың ішіндегі температура біршама
көтерілетінін және бұрынғы температураны қалпына келтіруге
электр энергиясы жұмсалатынын есте сақтаңыз.
Тоңазытқыш есіктеріндегі тығыздағыш резеңке таза болуын
және жапқан кезде корпуспен тығыз қабысуын қадағалаңыз,
бұл суық ауаның ағып кетуіне жол бермейді.
Ыстық тамақты қоймаңыз
Тоңазытқышқа салынған ыстық тамақ температураны бірден
бірнеше градусқа көтереді. Азық-түлік пен ыдыстарды бөлме
температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа қойыңыз.
7. АҚАУЛАРДЫ ТҮЗЕТУ
Тоңазытқыш дұрыс жұмыс істемесе немесе жұмысында ақау
пайда болған жағдайда, авторизацияланған сервис орталығына
жүгінбес бұрын осы бөліммен танысыңыз. Кейбір жағдайларда
сіз туындаған мәселелерді өз бетіңізбен жоя аласыз.
Скачать