Centek 60000 BTU -16500/17000Вт, R410A, 49-60дБ, компрессор PANASONIC CT-66M60 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/48] 873067

Centek CT-66M24 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/48] 631469
15
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТІ
1. Көзделген температураны арттыру батырмасы
2. Көзделген температураны азайту батырмасы
3. «РЕЖИМ» батырмасы
4. «ҚОСУ/ӨШІРУ» батырмасы
5. «ЖЫЛДАМДЫҚ» батырмасы
6. «ЖАЛЮЗИ» батырмасы
7. «ҰЙҚЫ» батырмасы
8. «ТАЙМЕР ҚОСУ» батырмасы
9. «МЕНІҢ БАПТАУЛАРЫМ» батырмасы
10. «ТАЙМЕР ӨШІРУ» батырмасы
11. iFEEL батырмасы
12. «ДИСПЛЕЙ» батырмасы
Пернетақтаның бұғаттау үшін екі батырманы бір уақытта 5 секунд,
пернетақтаның құлпын ашу үшін 2 секунд ұстап тұрыңыз.
ҚБП БАТЫРМАЛАРЫНЫҢ АРНАЛЫМЫ
1. КӨЗДЕЛГЕН ТЕМПЕРАТУРАНЫ АРТТЫРУ БАТЫРМАСЫ
Батырманы басқан сайын +17... +30 °С диапазонында мақсаттық тем-
пература мәні 1 °С-қа артады. Көзделген температураның берілген
мәні пульт дисплейінде және ішкі блоктың сыртқы панелінің
дисплейінде көрсетіледі.
2. КӨЗДЕЛГЕН ТЕМПЕРАТУРАНЫ АЗАЙТУ БАТЫРМАСЫ
Батырманы басқан сайын +17... +30 °С диапазонында мақсаттық тем-
пература мәні 1 °С-қа азаяды. Көзделген температураның берілген
мәні пульт дисплейінде және ішкі блоктың сыртқы панелінің
дисплейінде көрсетіледі.
3. «РЕЖИМ» БАТЫРМАСЫ
Батырманы басқан сайын кондиционердің жұмыс режимі келесі
ретпен өзгереді: «Автоматты» / «Салқындату» / «Құрғату» / «Жылы-
ту» / «Желдету».
Пульт дисплейінде тиісті режимнің индикаторы жарқылдайды: AUTO
(«Автоматты»), COOL («Салқындату»), DRY («Құрғату»), HEAT («Жылы-
ту»), FAN («Желдету»).
Автоматты режимде кондиционер бөлмежайдағы ауаның тем-
пературасына қарай салқындату немесе жылыту режимін ав-
томатты түрде таңдап, пайдаланушы үшін қолайлы жағдайлар
туғызады. Мақсаттық температура басқару пультінің дисплейінде
көрсетілмейді және оны өзгерту мүмкін емес.
Желдету режимінде кондиционер ішкі блоктың желдеткішін ғана
қосады. Бұл режимде кондиционер үй-жайдағы температураны
қолдамайды. Мақсаттық температура басқару пультінің дисплейінде
көрсетілмейді және оны өзгерту мүмкін емес.
Назар аударыңыз! Кондиционер таза ауа ағынын келтірмейді!
4. «ҚОСУ/ӨШІРУ» БАТЫРМАСЫ
Бұл батырманы басқанда кондиционер қосылып, пульттің
дисплейінде ON индикаторы жанады, қайта басқан кезде кондици-
онер айырылып, пульт дисплейінде OFF индикаторы жарқылдайды.
Кондиционерді қосқан кезде алдыңғы жұмыс реттемелері орнаты-
лады.
5. «ЖЫЛДАМДЫҚ» БАТЫРМАСЫ
Батырманы басқан сайын ішкі блоктың желдеткішінің айналу
жылдамдығы (шығатын ауаның жылдамдығы) келесідей түрде
өзгереді: «Автоматты» / «Төмен» / «Орташа» / «Жоғары».
Пульт дисплейінде желдеткіштің тиісті жылдамдығының индикаци-
ясы жарқылдайды: AUTO («Автоматты»), LOW Төмен»), MID («Ор-
таша»), HIGH («Жоғары»). Автоматты түрде қойылатын желдеткіш
жылдамдығы берілген мақсаттық температура мен қоршаған ауа
температурасының аралығындағы айырмаға тәуелді. Желдету
режимінде желдеткіштің автоматты жылдамдығына қойылмайды.
6. «ЖАЛЮЗИ» БАТЫРМАСЫ
Батырманы басқан кезде шығатын ауаның бағытын тігінен өзгертетін
ішкі блоктың көлденең жалюзиінің тербелісі іске қосылады. Жалюзи
қажетті орнына орныққанша күтіп, тербелісті тоқтату үшін батырма-
ны қайта басыңыз.
Жалюзиде конденсат түзілуіне жол бермес үшін, ауа ағынының
салқындату және құрғату режимдерінде төмен қарай ұзақ
бағытталуына жол бермеу керек. Жалюзи бұзылып қалмас үшін,
оның қалпын қолмен реттемелеуге болмайды.
7. «ҰЙҚЫ» БАТЫРМАСЫ
Бұл батырманы басқанда түнгі жұмыс режимі қосылып, пульт
дисплейінде индикаторы жарқылдап, ішкі блоктың сыртқы
панеліндегі дисплей өшіп қалады. Бұл режимде ішкі блоктың
желдеткіші төмен жылдамдықпен айналады.
8. «ТАЙМЕР ҚОСУ» БАТЫРМАСЫ
Қашықтан басқару пульті өшірілген кезде «ТАЙМЕР ҚОСУ» батырма-
сын басқанда кондиционерді қосу таймері іске қосылады, дисплей-
де индикатор және таймер уақыты көрсетіледі. Уақытты орнату
диапазоны - 0,5 сағаттан (30 минут) 24 сағатқа дейін. Кондиционерді
қосу таймерінің қажетті уақытын реттеу үшін / батырмаларын
басыңыз. Осы батырмаларды басқан сайын уақыт 0,5 сағатқа (30
минут) артады немесе азаяды. Таймер мәні 10 сағатқа жеткенде, осы
батырмаларды әр басқан сайын уақыттың 1 сағатқа артуы немесе
азаюы байқалады. Кондиционерді қосу таймерін белсендіру үшін
«ТАЙМЕР ҚОСУ» батырмасын қайта басыңыз. Пульт дисплейінде
таймер бойынша қосылғаннан кейін кондиционер жұмысының бап-
таулары көрсетіледі. Қажеттілікке қарай -ауыстырыңыз. Белгіленген
уақыттан кейін кондиционер бапталған мәндерімен автоматты түрде
қосылады.
9. «МЕНІҢ БАПТАУЛАРЫМ» БАТЫРМАСЫ
Кондиционер жұмыс істеп тұрған кезде батырманы басу пайдалану-
шы алдын-ала белгілеген жұмыс баптауларын орнатады. Батырманы
iFEEL

Содержание

Похожие устройства

Скачать