Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [70/176] 873730

Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [70/176] 873730
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ10 
Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Тоңазытқышты ылғалды немесе құрылғыға су тиіп кетуі мүмкін жерге орнатпаңыз.
- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр тогы соғуы немесе
өрт шығуы мүмкін.
Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тура түсетін жерге не пештің, бөлме
қыздырғыштардың немесе басқа құрылғылардың қызуына тақатып қоймаңыз.
Бірнеше ұялы розеткаға бірнеше құрылғыларды жалғамаңыз. Тоңазытқышты
әрқашан кернеу параметрі, тоңазытқыштың техникалық ақпарат тақтайшасындағы
кернеу параметріне сай келетін электр розеткасына тек өзін жалғау керек.
- Сонда құрылғы тамаша жұмыс істейді және үйдегі электр желісінің жүктемесінің
шамадан тыс артуына, нәтижесінде сымдар қызып, өрт шығу қатерінің орын
алуына жол бермейді.
Босап тұрған розеткаға ашаны сұқпаңыз.
- Электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін.
Жарылып қалған немесе ұзына бойына нұқсан келген немесе екі ұшына қатар
зақым келген сымдарды қолданбаңыз.
Қорек сымын қатты майыстырмаңыз немесе үстіне ауыр зат қоймаңыз.
Қорек сымын ешқашан қатты тартпаңыз немесе майыстырмаңыз.
Қуат сымын майыстырмаңыз немесе байламаңыз.
Қорек сымын металл заттың үстіне ілмеңіз, қорек сымының үстіне ауыр зат
қоймаңыз, қорек сымын заттардың арасына қыстырмаңыз немесе құрылғының
артындағы орынға салмаңыз.
Тоңазытқышты жылжытқан кезде, ашаны басып кетпеуге немесе бүлдіріп алмауға
тырысыңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Тоңазытқышты ешқашан қорек сымынан тартып ағытпаңыз. Әрқашан ашасынан
мықтап ұстап, розеткадан тура тартып ағытыңыз.
- Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт шығуы және/не электр тоғы
соғуы мүмкін.
RF48_UM_Rev04_WT_KK.indd 10 2021-11-02  11:15:50

Похожие устройства

Скачать