Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [71/176] 873730

Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [71/176] 873730
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ11
Тоңазытқыш қасында аэрозольдарды қолданбаңыз.
- Тоңазытқыштың қасында аэрозоль қолданса, жарылыс немесе өрт шығуы
мүмкін.
Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе тұтанғыш материалдың қасына
орнатпаңыз.
Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сай
орналастырып, дұрыс жерге орнату керек.
Қуат ашасын розеткаға сымын төмен салбыратып дұрыс жалғау керек.
- Қуат ашасының түп жағын жоғары қаратып жалғасаңыз, қуат сымы қиылып, өрт
шығуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін.
Тоңазытқыштың артқы жағының қуат ашасын жаншып немесе бүлдіріп
тастамағанын тексеріңіз.
Орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз.
- Бала орам материалдарын басына киіп алса, тұншығып мерт болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге, күн сәулесі тура түсетін
немесе сулы (жаңбыр тамшылары) жерге орнатпаңыз.
- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр қатері пайда болуы
немесе өрт шығуы мүмкін.
Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алып, Samsung Electronics
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған
шамдар, тұтатылған шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.).
- Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат
алу қаупі пайда болуы мүмкін.
Құрылғыны алғаш электр көзіне қосар алдында, барлық қорғауыш пластик
таспаларын алу керек.
RF48_UM_Rev04_WT_KK.indd 11 2021-11-02  11:15:50

Похожие устройства

Скачать