Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [74/176] 873730

Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [74/176] 873730
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ14 
Су құйылған сауытты тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
- Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.
Тоңазытқыштың ішіне буланғыш немесе тұтанғыш нәрселерді немесе заттарды
(бензол, сұйылтқыш, пропан газы, спирт, эфир, СГ және тағы басқа осы сияқты
заттарды) сақтамаңыз.
- Бұл тағам сақтауға ғана арналған тоңазытқыш.
- Себебі өрт немесе жарылыс шығуы мүмкін.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
- Саусақтарыңызды "қыстыратын аумақтардан" алыс ұстаңыз. Есіктер мен
корпустың арасына қажетіне орай шамалы орын қалдырылған. Балалар жақын
жерде болса, есіктерді байқап ашыңыз.
Есіктердің арасына өзіңіздің немесе балалардың саусақтарын қыстырып алмау
үшін абайлаңыз.
- Саусақтарыңызды есіктің сол және оң жақ жапсарларынан алыс ұстаңыз.
Есіктерді ашар алдында саусақтарыңыздың олардың арасында тұрмағанына
көз жеткізіңіз.
Балаларға есікке немесе есіктің сауыттарына тартылып тұруға рұқсат бермеңіз.
Ауыр жарақат алуы мүмкін.
Балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге рұқсат бермеңіз. Қамалып қалуы мүмкін.
Қолыңызды құрылғының астына сұқпаңыз.
- Өткір қырларына жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
Фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды не температураға сезімтал
заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
- Температурасын қатаң бақылап отыруды қажет ететін өнімдерді тоңазытқышта
сақтамаңыз.
Егер фармацевтикалық заттың немесе түтіннің иісін сезсеңіз, қуат ашасын дереу
ағытып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алыңыз да, Samsung
Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
RF48_UM_Rev04_WT_KK.indd 14 2021-11-02  11:15:50

Похожие устройства

Скачать