Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [75/176] 873730

Samsung RF48A4000M9/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [75/176] 873730
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ15 
Балаларға тартпаны басып кетуге рұқсат бермеңіз.
- Тартпа сынып, балалар тайып құлап кетуі мүмкін.
Тоңазытқыштың қасында болмаған кезде есігін ашық қалдырмаңыз және
балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге жол бермеңіз.
Сәбилер мен балалардың тартпаға кіруіне жол бермеңіз.
- Қамалып қалып, тұншығу немесе жарақат алуға байланысты мерт болу қаупі
бар.
Тоңазытқышқа шамадан тыс көп тағам салмаңыз.
- Есікті ашқан кезде құлап кетіп адам жарақаттанып қалуы немесе мүлікке зақым
келуі мүмкін.
Құрылғының бетіне құрт-құмырысқа жойғыш тәрізді ұшқыш спрейді шашпаңыз.
- Адамдарға зиянды болумен қатар, электр тогы соғуы, өрт қатерін тудыруы
немесе құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.
Су құйылатын саңылауға, мұз науасына және мұз жасағыштың себетіне
саусақтарыңызды немесе басқа заттарды ешқашан салмаңыз.
- Адам жарақат алуы немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін.
Тұтанғыш спрей, тұтанғыш заттар, құрғақ мұз, дәрі-дәрмек немесе химикат тәрізді
температураға сезімтал заттарды құрылғының қасында пайдаланбаңыз немесе
ішіне қоймаңыз.
Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз. Тоңазытқыштың
ішіне жағымсыз иісті кетіру үшін жанып тұрған шамды қоймаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Су сауытын, мұз науасын және мұз текшелері науасын ауыз суымен ғана
(минералды немесе тазартылған сумен) толтырыңыз.
- Сауытқа шай, балшырын немесе энергетикалық сусын құймаңыз, себебі
мұздатқышқа зақым келуі мүмкін.
RF48_UM_Rev04_WT_KK.indd 15 2021-11-02  11:15:50

Похожие устройства

Скачать