Darina PL 2609 1W Руководство по эксплуатации онлайн [17/32] 879518
![Darina PL 2609 1W Руководство по эксплуатации онлайн [17/32] 879518](/views2/2118804/page17/bg11.png)
KZ Пайдалану бойынша нұсқаулық EM241 00 000 РЭ U
14
1. МАҢЫЗДЫ ҰСЫНЫСТАР
Біздің плиталар үнемі жетілдіріледі, олардың сипаттамалары жақсартылады, дизайны
жаңартылады, сондықтан Сіз сатып алған плита осы Пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген суреттерден жəне белгіленулерден біршама ерекшеленуі мүмкін.
Сатып алу кезінде қаптаманы шешіп, плитаның зақымдалмағандығына, толық
жинақталғандығына, плитаның жабдықталуының осы пайдалану бойынша
нұсқаулық қаптамасындағы кестеге сəйкес келетіндігіне жəне сауда ұйымының
кепілдік міндеттемелерінде «Сатылым туралы куəліктің» жəне кепілдік
талондарының дұрыс толтырылғандығына көз жеткізіңіз. Плита өндірілген күн,
ай жəне жыл «Қабылдау туралы куəлік» бөліміндегі кепілдік міндеттемелерінде
көрсетілген.
■ Плитаны орнату, дұрыс пайдалану жəне қызмет көрсету бойынша маңызды ақпаратты қамтитын
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
■ Нұсқаулықты сақтап қойыңыз, ол туындаған мəселелерді шешуге көмектесуі мүмкін.
■ Плитаны жалғаған кезде орнату туралы куəліктің толтырылғандығын жəне плитаның жалғануын
жүзеге асырған ұйым мөртабанының болуын тексеріңіз.
Дұрыс жалғанбаған плита сенімді жəне қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етпейді жəне жазатайым
жағдайға алып келуі мүмкін, сонымен қатар Сізді. кепілдікті қызмет көрсету мүмкіндігінен айырады.
■ Физикалық, жүйкелік немесе психикалық ауытқулары немесе тəжірибе немесе білімдер
жетіспеушілігі бар адамдарға (балаларды қоса) қатысты олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін
тұлғамен бақылау жүзеге асырылатын немесе осы аспапты пайдалануға қатысты оларға нұсқама
берілетін жағдайларды қоспағанда, осы аспап осындай адамдармен пайдалануға арналмаған.
Балалардың аспаппен ойнауына жол бермеу мақсатында олар үнемі қадағалау керек.
■ Құрылғы сыртқы таймерден немесе жеке қашықтан басқару жүйесінен жұмыс істеуге арналған.
■ Плиталарды пайдаланатын тұлғалар тұрмыстық газ плиталарын қауіпсіз пайдалану ережелерін
білуге жəне осы нұсқаулықты мұқият меңгеруге міндетті.
■ Плита тек үй жағдайларында пайдалануға арналған.
■ Егер электрлік желі сипаттамалары плитаның артқы жағында орналасқан фирмалық тақтайшада
көрсетілген сипаттамаларға сəйкес келмесе, плитаны пайдалануға тыйым салынады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Плиталар үлгілері электр тоғына ұшырауға қарсы қорғаныстың
І санаты бойынша жасалған жəне жерге тұйықталған розеткаға жалғану керек.
Өрттің туындауының алдын алу үшін қатаң ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- Ақаулы плитаны пайдалануға.
- Плитаны өрт қаупінің тəуекелі жоғары жерлерде орнатуға (ағаш, тұсқағазбен, жанатын
пластикпен қапталған жəне т.б. беттерге жақын).
- Жұмыс жасап жатқан плитаны қараусыз қалдыруға.
- Плитаны бөлме жылыту үшін пайдалануға.
- Плита үстінде киім кептіруге.
- Плита жанында жəне шаруашылық бөлімінде жеңіл тұтанғыш заттарды (жанатын заттар,
аэрозольдар, қағаз, шүберек жəне т.б.) сақтауға.
- Балаларды жұмыс жасап жатқан плитаға жақындатуға.
2. ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер шыны-керамикалық үстел беті шытынаса, - электр тоғына
ұшыраудың алдын алу үшін аспапты сөндіріңіз. Дереу жөндеу қызметіне жүгініңіз.
Плитаның ауыстырылуын сервис қызметінің жұмыскерлері жүргізу керек.
! Пайдалану кезінде қол жетімді бөліктер қатты қызуы мүмкін. Балаларды
жақындатпаңыз.
! Егер Сіздің плитаңызда шыны қақпақ болса, қақпағы жабық тұрған кезде электрлі
конфоркаларды қосуға, əлі суып үлгермеген электрі конфоркалар кезінде қақпақты
жабуға жəне қақпаққа ыдысты қоюға болмайды.
!
!
!
!
Похожие устройства
- Lex EDM 073 BBL Руководство по эксплуатации
- Атлант ХМ 4319-101 Руководство по эксплуатации
- Electrolux EHF6241FOK Руководство по эксплуатации
- Electrolux EOB7S31X Руководство по эксплуатации
- Darina SLIDE 607 W Руководство по эксплуатации
- Darina 1T38 BGM 341 12At Руководство по эксплуатации
- Darina 1T3 BGM341 08 W Руководство по эксплуатации
- Атлант ХМ 4619-101 Руководство по эксплуатации
- Beko MOF23300B Руководство по эксплуатации
- Electrolux KODDP77H Руководство по эксплуатации
- Фея СМП 60 Н белый/голубой Руководство по эксплуатации
- Фея СМП 60 Н белый/голубой Руководство по эксплуатации
- Rondell Stolz RD-1782, 24 предмета Руководство по эксплуатации
- Electrolux KOD5C70BX Руководство по эксплуатации
- Electrolux EOE7P31Z Руководство по эксплуатации
- Electrolux EOD6C77WZ Руководство по эксплуатации
- СмартЖум T80-SGR Руководство по эксплуатации
- Maunfeld MLP-08I Light Beam Руководство по эксплуатации
- Picooc H1 Heat Руководство по эксплуатации
- GENBERG 311.01 Люкс Руководство по эксплуатации