Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [107/140] 879997
![Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [107/140] 879997](/views2/2119283/page107/bg6b.png)
Қазақша 37
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-49
Тауық кәуабы
200 - 250 г
Ингредиенттер
250 г тауық еті, 1 ас қасық майонез, 1 лимон,
2 шай қасық күнжіт, 2 шымшым ұнтақталған кориандр, 1 түйір
сарымсақ
Нұсқаулар
Тауық етін әр жағы 2 см болатындай етіп кішкентай бөліктерге
тураңыз.
Маринад дайындаңыз: сорпа құятын тәрелкеге майонез,
туралған сарымсақ, лимон шырыны және цедраны салып
араластырыңыз.
Етті маринадпен араластырып, 1 сағатқа салқын жерде
қалдырыңыз. Ет бөліктерін ағаш таяқшаларға шаншып, оларға
күнжіт себіңіз. Кәуап салынған тәрелкені жоғарғы торға
қойыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз.
Іске қосу түймесін басыңыз.
5-50
Боярша ет
200 - 250 г
Ингредиенттер
250 г шошқа төсі, 3 шампиньон, 2 ас қасық майонез,
2 жебір сабағы, тұз, дәміне қарай қара бұрыш
Нұсқаулар
Шампиньондарды жуып, кептіріп, аршып, жұқа
тілімдерге бөліңіз. Шошқа етін жуып, тұз бен бұрышты
жағып тәрелкеге салыңыз. Жебір жапырақтарын себіңіз.
Саңырауқұлақ тілімдерін еттің үстіне қойыңыз. Майонезді
саңырауқұлақтарға жағып, қасықпен жайыңыз. Етті қақпақты
жауып пісіріңіз. Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске
қосу түймесін басыңыз. Дыбыстық сигнал берілгенде, оларды
шығарып аударып қойыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке
салыңыз. Іске қосу түймесін қайта басыңыз.
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-51
Ақсерке
қосылған
кулебяка
450 - 500 г
Ингредиенттер
230 г ақсерке сүбесі, 200 г ашытқан қатпарлы қамыр,
1 пияз, 2 жұмыртқа, 3 көк пияз бастары, тұз, дәміне қарай
бұрыш
Нұсқаулар
Түйінді пиязды аршып кішкентай текше болатындай етіп
тураңыз. Көк пиязды тураңыз. 1 жұмыртқаны бітеу пісіріп, оны
текшелеп тураңыз. Балықты кішкентай текше болатындай етіп
тураңыз. Туралған пияздарды, балықты және жұмыртқаны
тостағанның ішіне салып араластырыңыз, тұз және дәміне
қарай бұрыш қосыңыз. Қамырды ерітіп кең төртбұрыш
етіп жайыңыз. Дайындалған салманы ортасына салыңыз.
Салманы жабу үшін қамырдың шеттерін көтеріңіз, содан
кейін пісіру кезінде шырын сыртқа ағып кетпеуі үшін шеттерін
мұқият қысыңыз. Біріктірілген жері төмен қарайтындай етіп
кулебяканы аударыңыз, қалған жұмыртқаны бетіне жағыңыз.
Тәрелкеге қойыңыз. Оларды төменгі торға орналастырыңыз.
Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу түймесін
басыңыз.
5-52
Ақсерке
кәуабы
300 - 350 г
Ингредиенттер
300 г ақсерке сүбесі, ½ лимон, 2 ас қасық туралған
балдыркөк,
1 ас қасық тазартылған зәйтүн майы, дәміне қарай тұз
Нұсқаулар
Балықты үлкен текше болатындай етіп тураңыз, шұңғыл
тостағанға салыңыз. Балдыркөк пен лимон шырынын
қосыңыз. Дәміне қарай тұз қосып араластырыңыз, маринадтау
үшін 20 минутқа қалдырыңыз. Балықтың бірнеше бөлігін
ағаш таяқшаларға шаншып, бетіне зәйтүн майын жағыңыз.
Кәуаптарды кең тәрелкеге салыңыз. Оны жоғарғы торға
орналастырыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз.
Іске қосу түймесін басыңыз. Дастарханға лимонмен ұсыныңыз.
Похожие устройства
- Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации
- Anker PCore 321 MagGo 5K A1616 BK черный Руководство по эксплуатации
- Samsung MS23K3513AK/BW Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Pioneer PBS1004 Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 BK Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 60 BK Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 WH Руководство по эксплуатации
- Aqara Door and Window Sensor T1 (DW-S03D) Руководство по эксплуатации
- Philips FC8243/09 Руководство по эксплуатации
- Philips GC6815/20 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SR-500 Руководство по эксплуатации
- Garlyn HB-C Руководство по эксплуатации
- Garlyn GST-08 Pro Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3442 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SM-3000 Руководство по эксплуатации
- uGreen PB312 20000mA Руководство по эксплуатации
- Garlyn PM-2000 Руководство по эксплуатации
- Garlyn L2000 Руководство по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения