Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [108/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [108/140] 879997
38 Қазақша
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-53
Көкөністер
қосып
пісірілген
бақтақ
300 - 400 г
Ингредиенттер
1 шағын бақтақ сүбесі, ½ сәбіз (алдын ала пісірілген),
2 насыбайгүл сабағы, 1 шағын пияз, 1 шағын қызанақ, ½
лимон, 1 ас қасық өсімдік майы, тұз, дәміне қарай қара бұрыш
Нұсқаулар
Сәбізді жұқа етіп тілімдеп, пияз бен қызанақты сақиналап
тураңыз. Насыбайгүл жапырақтарын бөліңіз. Бақтақ сүбесін
тәрелкеге салып, тұз бен бұрыш қосыңыз. Дайындалған
көкөністерді үстіне қойыңыз (ең алдымен барлық сәбіз, содан
соң қалған ингредиенттердің кезектескен қабаттары.)
Балықты майға малып, бетіне үгілген лимон цедрасын себіңіз.
Оларды төменгі торға орналастырыңыз. Оларды қысқа
толқынды пешке салыңыз. Іске қосу түймесін басыңыз.
5-54
Печенье
9 дана
Ингредиенттер
200 г ұн, 50 г қант ұнтағы, 60 г кептірілген өрік бөліктері,
½ шай қасық аспаздық май, 2 ас қасық су, 70 г сары май
Нұсқаулар
Кептірілген өрік бөліктерін жақсылап жуып, оларды жылы
суға 20 минутқа салып, содан соң жұқа етіп тілімдеңіз.
Ұнды аспаздық маймен бірге үлкен тостағанның ішіне елеңіз,
сары майды қосып, үгінділер пайда болғанша қоспаны
саусақтарыңызбен ысқылаңыз.
Қант ұнтағын қосып, 2 ас қасық салқын суды тостағанның
ішіне құйып, қамырды біртекті болғанша араластырыңыз.
Кептірілген өрік бөліктерін қосып, қайта араластырыңыз.
Шағын қара өрік көлеміндей шарлар жасаңыз.
Оларды шанышқымен басыңыз. Оларды қысқа толқынды
пешке салыңыз. Іске қосу түймесін басыңыз.
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-55
Мүкжидек
сусыны
250 - 300 г
Ингредиенттер
Қатырылған мүкжидек - 50 г, қант - 35 г, су - 200 мл
Нұсқаулар
Барлық ингредиентті тостағанның ішіне салыңыз. Оларды
қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу түймесін басыңыз.
Дайын болған соң суытып сүзіңіз.
5-56
Лимон
қосылған
бәліш
450 - 550 г
Ингредиенттер
200 г ұн, 60 г сары май, 60 г қант, 1 жұмыртқа,
2 жұмыртқа сарыуызы, 180 мл қойылтылған сүт, 1 лимон, 1 шай
қасық аспаздық май
Нұсқаулар
Майды қантпен бірге шұңғыл тостағанның ішіне салып,
қысқа толқынды пешке 1 минутқа 600 Ватт қуатта ерітіңіз.
Еленген ұн, бір жұмыртқа және аспаздық май қосып, қамыр
біртекті болғанша илеңіз, 10 минутқа қақпағын жауып
қойыңыз. Қойылтылған сүт пен лимон шырыны және цедраны
көпіршітіп, екі жұмыртқа сарыуызын қосып араластырыңыз.
Қамырды қалыпқа жайыңыз, бетіне лимон кремін мұқият
жағыңыз. Оларды төменгі торға орналастырыңыз. Оларды
қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу түймесін басыңыз.
Дастарханға ұсынбас бұрын тоңазытқышта суытып, бөліктеп
кесіңіз.