Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [95/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [95/140] 879997
Қазақша 25
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-3
Ірімшік
қосылған
тост
2 тілім
Ингредиенттер
Тост наны – 2 тілім (26 - 28 г / тілім), ірімшік – 2 тілім (20 г /
тілім)
Нұсқаулар
Екі нан тілімін жоғарғы торға қойыңыз. Оларды қысқа
толқынды пешке салып, іске қосу түймесін басыңыз.
Дыбыстық сигнал берілгенде тост бөліктерін аударып, ірімшік
тілімдерін үстеріне салыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке
салып, іске қосу түймесін қайта басыңыз.
5-4
Пашот
жұмыртқасы
1 жұмыртқа
Ингредиенттер
1 жұмыртқа, 300 мл су, 10 - 15 мл 9 % сірке суы
Нұсқаулар
Су мен сірке суын тостағанда араластырып, қысқа толқынды
пешке салыңыз. Іске қосу түймесін басыңыз. Дыбыстық сигнал
берілгенде тостағанды шығарыңыз. Суды шанышқымен
ортасында иірім пайда болатындай етіп араластырып тұрып,
жұмыртқаны қосыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салып,
іске қосу түймесін қайта басыңыз. Дастарханға ұсынбас бұрын
2 - 3 минут қоя тұрыңыз.
5-5
Ақсерке және
майонез
салынған
сэндвич
2 тілім
Ингредиенттер
Тост нанының 2 тілімі, 100 г консервіленген ақсерке немесе
құнысбалық, 1 ас қасық майонез, ¼ орташа пияз, 1 көк
пияздың жоғарғы бөлігі, дәміне қарай қара бұрыш
Нұсқаулар
Нанды төменгі торға қойып, торды қысқа толқынды
пешке салып, іске қосу түймесін басыңыз. Дыбыстық
сигнал бергенде, оларды шығарыңыз. Пияз басын және
көк пияздарды текшелеп турап, балықты шанышқымен
аунатыңыз, пияздармен араластырыңыз да, дәміне қарай
бұрыш қосыңыз. Салмаға майонез қосып, араластырыңыз.
Нанның бір тіліміне салма салып, оны басқа нан тілімімен
жабыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салып, іске қосу
түймесін қайта басыңыз.
Орысша рецепт
Келесі кестеде автоматты түрде пісіруге арналған мөлшерлер және тиісті нұсқаулар
көрсетілген.
ЕСКЕРТПЕ
Тағамды алған кезде, пешке арналған қолғапты пайдаланыңыз.
Таңғы ас
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-1
Сұлы
жармасының
ботқасы
250 г
Ингредиенттер
40 г сұлы үлпегі, 180 мл сүт, 40 г сары май, 2 ас қасық қант, 2
бисквитті печенье, қара қарақат немесе таңқурай
Нұсқаулар
Сұлы үлпегін шұңғыл тостағанға салып, қант қосыңыз.
Салқын сүт құйып, араластырыңыз. Қақпақпен жауып,
қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу түймесін
басыңыз. Бисквитті печеньелерді үлкен бөліктерге бөліңіз.
Пісірілгеннен кейін ботқаға сары май қосыңыз. Ботқаға
бисквит үгінділерін сеуіп, жидектермен безендіріп ұсыныңыз.
5-2
Қарақұмық
ботқасы
250 г
Ингредиенттер
100 г қарақұмық жармасы, 220 мл су, бірнеше балдыркөк
сабағы, дәміне қарай тұз
Нұсқаулар
Жарманы шұңғыл тостағанға салыңыз. Тұз қосып, су құйыңыз.
Қақпақпен жауып, қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу
түймесін басыңыз. Дыбыстық сигнал берілгенде шығарып,
араластырыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салып, іске
қосу түймесін қайта басыңыз. Балдыркөкті текшелеп тураңыз.
Пісірілгеннен кейін текшелеп туралған шөптерді және өсімдік
майын қосып, араластырыңыз. Дастарханға ұсынбас бұрын
2 - 3 минут қоя тұрыңыз.