Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [96/140] 879997

Samsung MC32DB7746KCBW Руководство по эксплуатации онлайн [96/140] 879997
26 Қазақша
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-6
Бұршақтар
қосылған
шұжықтар
2 дана
Ингредиенттер
2 шұжық, 150 г консервіленген жасыл бұршақтар, 20 г сары
май, 1 түйір сарымсақ, 1 көк пияздың жоғарғы бөлігі
Нұсқаулар
Көк пияздар мен сарымсақты текшелеп тураңыз. Тостағанда
консервіленген бұршақтар, пияздар және сарымсақты
араластырыңыз. Шұжықтарды пісірген кезде жарылып кетпес
үшін шанышқымен бірнеше жерінен тесіңіз. Кең тәрелкеге
шұжықтарды, сарымсақ пен пияздар қосылған бұршақтарды
салып, үстіне сары майдың бір бөлігін қосыңыз. Оларды
қысқа толқынды пешке салып, іске қосу түймесін басыңыз.
Дастарханға ұсынбас бұрын 2 - 3 минут қоя тұрыңыз.
5-7
Омлет
250 г
Ингредиенттер
3 жұмыртқа, 45 мл кілегей, 40 г ірімшік, аскөк жапырақтары,
тұз
Нұсқаулар
Ірімшікті үлкен үккіште үгіп, аскөк жапырақтарын текшелеп
тураңыз. Тостағанда жұмыртқаны кілегеймен шайқаңыз
және дәміне қарай тұз қосыңыз. Жұмыртқа мен кілегей
қоспасын сорпаға арналған тәрелкеге құйып, үгілген ірімшік
пен текшелеп туралған аскөк жапырақтарын себіңіз. Оларды
қысқа толқынды пешке салып, іске қосу түймесін басыңыз.
Дастарханға ұсынбас бұрын 2 - 3 минут қоя тұрыңыз.
5-8
Чизкейк
бәліштері
2 дана
Ингредиенттер
90 - 100 г үй ірімшігі, 10 г ванильді қант, 0,5 г тұз,
¼ жұмыртқа, 5 - 10 г май (жағу үшін), 30 г ұн
Нұсқаулар
Сары майдан басқа барлық ингредиентті жақсылап
араластырыңыз. Екі бәліш жасаңыз. Оларға май жағыңыз.
Пергамент қағазына салып, жоғарғы торға қойыңыз. Оларды
қысқа толқынды пешке салыңыз. Іске қосу түймесін басыңыз.
Дыбыстық сигнал берген кезде бәліштерді аударыңыз.
Оларды қысқа толқынды пешке салып, іске қосу түймесін
қайта басыңыз.
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
5-9
Торт
2 дана
Ингредиенттер
150 - 170 г ұн, 50 г қант, 70 - 75 мл кілегей, 20 г сары май,
1 жұмыртқа, ½ шай қасық аспаздық май, 100 г кептірілген
кумкват немесе мандарин, күнжіт дәндері
Нұсқаулар
Ұнды және аспаздық майды үлкен тостағанға елеп,
кілегей, қант және жұмсартылған сары майды қосыңыз.
Бір жұмыртқаны жарып, 1 - 2 минут қатты араластырыңыз.
Кумкваттар тым қатты болса, оларды жұмсарғанша ыстық
суға салып, кішкене бөліктерге кесіңіз. Кесілген кумкваттарды
қамырға қосып, қайтадан араластырыңыз. Қамырды кішкене
қалыптарға салып, оларды үштен екі бөлігімен толтырыңыз
және үстіне күнжіт дәндерін себіңіз. Қалыптарды төменгі
торға орналастырыңыз. . Оларды қысқа толқынды пешке
салып, іске қосу түймесін басыңыз. Дастарханға ұсынбас
бұрын 2 - 3 минут қоя тұрыңыз.
5-10
Лимон
қосылған,
құмшекерлі
дөңгелек
печеньелер
9 - 10
дөңгелек
печенье
Ингредиенттер
150 г ұн, 45 г сары май, 60 г қант, 1 жұмыртқа, 1 лимон,
2 ас қасық қант ұнтағы, 2 ас қасық су
Нұсқаулар
Ұнды үлкен тостаған ішіне елеп, сары май қосыңыз
да, қоспаны саусақтарыңызбен үгінді пайда болғанша
ысқылаңыз. Қант, су, жұмыртқа ақуызын, лимон қабығының
үгіндісін және 1 шәй қасық лимон шырынын қосып, қамыр
илеңіз. Көлемі шағын қара өрік өлшеміндей болатын
шағын шарлар жасап, оларды қант ұнтағына аунатыңыз.
Шарларды пергамент қағазына салып, төменгі торға
орналастырыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салып,
іске қосу түймесін басыңыз. Дыбыстық сигнал естілгенде,
шарларды шығарыңыз. Жұмыртқаның сарыуызын жағып,
қысқа толқынды пешке салыңыз да, іске қосу түймесін қайта
басыңыз. Дастарханға ұсынбас бұрын 2 - 3 минут қоя тұрыңыз.