RED Solution RM-2302D [23/0] Сақтану шаралары

RED Solution RM-2302D [23/0] Сақтану шаралары
RM-2302D
23
RUS
UKR
KAZ
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын және бұйымды пайда-
лану ережелерін сақтамаудан туындаған зақымдар үшін жауап бер-
мейді.
Бұл аспап тұрмыстық және осыған ұқсас келесідей жағдайларда пай-
далануға арналған:
дүкендердің, кеңселердің қызметкерлеріне арналған асүйлерде және
басқа да жұмыс жағдайларында;
үй-жайларда;
мейманханалардың, мотельдердің клиенттерімен және мекендеп тұру-
мен байланысты өзге жағдайларда;
«төсек орын және таңғы ас» типіндегі мекендеп тұру шарттары бар
мейманханаларда.
Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген мақсатсыз пайдалану бұй-
ымды тиісті түрде пайдалану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл
жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Микротолқынды пешті нысаналы мақ-
саты бойынша пайдаланбау денсаулыққа зиянды.
Бұл модель жеке тұратын қондырғы ретінде пайдалануға
арналған. Шкафта пайдалануға тыйым салынады!
Шағын толқынды пеш тағам мен сусындарды ысытуға арналған. Тағам-
ды немесе киімді кептіру және жылытқыштарды, шәркейлерді,
ысқыштарды, дымқыл матаны және осыған ұқсас бұйымдарды қызды-
ру зақымдану, тұтану немесе өртену қаупіне әкелуі мүмкін.
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның кернеуі аспаптың
номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техника-
лық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолданыңыз: па-
раметрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің жа-
нуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана қосыңыз, бұл электр
қауіпсіздігінің міндетті талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның
жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе тасы-
малдаған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес,
штепселінен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көздерінің
жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін,
үшкір заттарға, бұрыштар мен жиhазға тимегенін қадағалаңыз.
ЖАДЫҢЫЗДА БОЛСЫН: электр қоректендіру кабелі зақымда-
луы кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, со-
нымен қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп соқтыруы мүм-
кін. Зақымдалған электр кабелі сервис-орталықта жедел
ауыстыруды талап етеді.
Пайдалану кезінде микротолқынды пештің вентиляциялық саңылау-
ларын жаппаңыздар. Жеткіліксіз желдетілу ішкі камераның бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін, бұл зиянды сәулеленуді туғызуы мүмкін. Пеш-
ті осы басшылыққа сәйкес қана орнатыңыз және пайдаланыңыз.
Есіктің жабылуына бірдеңе кедергі келтіріп тұрса, микротолқынды пеш-
ті пайдаланбаңыз. Пешті тұрақты түрде тазалап, тағамның барлық қал-
дықтарын кетіру қажет. Пештің тазалығының жеткіліксіз деңгейде болуы

Содержание

Похожие устройства

Скачать