Sony PlayStation 4 Slim 1TB GTS/HZD/SpiderM (CUH-2208B), как новый [27/0] Сымсыз басқару құралын пайдалану

Sony 1TB GTS/HZD/SpiderM/PS+ 3мес. [27/0] Сымсыз басқару құралын пайдалану
61
KZ
тоқтатып, есту қабілетіңізді тексеріңіз. Дыбыс деңгейі
қатты болған сайын, есту қабілетіңізге соғұрлым жылдам
әсер етеді. Есту қабілетіңізді қорғау үшін:
Гарнитура немесе құлаққаптарды жоғары дыбыс
деңгейінде пайдалануды шектеңіз.
– Шулы ортада асыру үшін дыбыс деңгейін көтермеңіз.
Егер қасыңыздағы адамдардың сөйлегенін ести
алмасаңыз, дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
ˎ
Гарнитура немесе құлаққаптарды, теріңізге ыңғайсыздық
тудырса, пайдаланбаңыз. Егер гарнитура немесе
құлаққаптарды теріңізге ыңғайсыздық тудырса,
пайдалануды дереу тоқтаңыз. Егер ауру белгілері
пайдалануды тоқтатқаннан кейінде жоғалмаса,
медициналық көмек алыңыз.
ˎ
Гарнитураны немесе құлақаспапты өте құрғақ ауа
жағдайларында қолданғанда, кейде құлағыңызды әлсіз
әрі жылдам (статикалық) ток соғуы мүмкін. Бұл –
статикалық электр тогының денеде жинақталуының
нәтижесі және гарнитураның немесе құлақаспаптың
ақауы емес.
Сақтау жағдайлары
ˎ
Жүйені, батареяны немесе керек-жарақтарды
температурасы жоғары, ылғалдылығы жоғары немесе күн
жарығы тура түсетін жерде ұстамаңыз.
ˎ
Жүйені ас үй немесе шаш кептіргіш сияқты қыздыру
жабдығымен қыздырмаңыз. От шығу, жарақаттану қаупі
бар немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
ˎ
Жүйені немесе қосымша жабдықтарды тегіс емес, қиғаш
немесе дірілдейтін жерлерге орнатпаңыз.
USB құрылғысы туралы
Экранда «An unknown USB device has been connected
(Белгісіз USB құрылғысы қосылды)» хабарламасы шықса, ол
келесі себептердің бірінен болуы мүмкін:
ˎ
Қосулы USB құрылғысы жүйемен үйлесімді емес.
ˎ
Қосулы USB құрылғысы тек кейбір бағдарламалық
қамтымдармен үйлесімді.
ˎ
USB концентраторына бірнеше USB құрылғылары
қосылған.
DUALSHOCK®4 сымсыз басқару құралын пайдалану
Төмендегі ескертпелер басқа басқару құралдарына да
қатысты болуы мүмкін.
ˎ
Абайлаңыз! Орнатылған литий-ионды батареяны
пайдалану:
Бұл өнімде литий-ионды қайта зарядталатын батарея
бар.
Бұл өнімді пайдаланбастан бұрын батареяны қолдану
мен зарядтау бойынша нұсқауларды оқып, оларды
мұқият орындаңыз.
Батареяны қолданғанда өте мұқият болыңыз. Дұрыс
қолданбаудан өрт шығу немесе күіп қалу қаупі бар.
Батареяны ашуға, сындыруға, қыздыруға немесе отқа
тастауға болмайды.
Өнімді пайдаланбаған кезде батареяны ұзақ уақытқа
зарядтамаңыз.
Әрдайым қолданылған батареяларды жергілікті
заңдарға немесе талаптарға сай тастаңыз.
ˎ
Бүлінген немесе ағып кеткен литий-ионды батареяларды
ұстамаңыз. Егер ішкі батарея сұйықтығы ағып кетсе,
өнімді пайдалануды дереу тоқтатып, көмек алу үшін
техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать