Hotpoint HFZ 5171 S Руководство по эксплуатации онлайн [13/28] 888212
![Hotpoint HFZ 5171 S Руководство по эксплуатации онлайн [13/28] 888212](/views2/2126799/page13/bgd.png)
Мұздату бөлімін пайдалану
13
Құралдың ішіндегі температура жұмыстың таңдап
алынған режиміне және орнатылған температураға
сәйкес автоматты түрде реттеледі.
Мұздатқышта 4 жұлдызды ( * * * * ) бөліктер бар,
олар қоршаған орта температурасы бар тағамдарды
мұздатуға және мұздатылған тағамдарды сақтауға
жарамды, өйткені температура бүкіл бөлікке біркелкі
бөлінеді. Сатып алынған мұздатылған өнімдердің
жарамдылық мерзімі қаптамада көрсетілген. Бұл күн
тағамның түрін ескереді және оны сақтау керек.
Тағамдардың сақтаудың ең жақсы шарттарын
қамтамасыз ету мақсатында төменде баяндалған
ұсыныстарды қараңыз: дұрыс сақтамаған кезде тіпті ең
балғын тағамдар тез бұзылып кетеді.
Тоңазыту және мұздатқышта сақтау үшін
тағайындалған өнімдерді артық қыраудың түзілуінен
аулақ болу үшін мұқият қаптаған жөн.
Балғын өнімдерді тоңазытқанда, олар бұрын
тоңазытылған өнімге жанасуына жол бермеңіз.
Тоңазыту бөліміне орналастырылатын азық-түлік
артқы және бүйір қабырғалармен жанаспағаны жақсы.
Тағамдардың сақталуы олардың қату мерзіміне
байланысты екендігін есте сақтаңыз.
Тоңазыту кезінде мұздатқыштың есігін ашпауға
тырысыңыз.
Дұрыс сақтау және кейін оңай жібіту үшін азық-
түлікті шағын мөлшермен орналастырыңыз, бұл – одан
да жылдам және сенімді тоңазытуға жағдай жасайды.
Тоңазыту күнін көрсету арқылы жазбаларды жүргізуді
ұсынамыз.
Мұздатқыш сөндірілген күйде болған кезде,
электр қуат берудегі іркілістер немесе кездейсоқ жібіту
жағдайында, мұздатқыштың есігін ашпаңыз, бұл
мұздатқышта төмен температураны ұзағырақ мерзімге
сақтауға көмектеседі.
Жартылай мұздатылған тағамдарды жылумен
өңдеу арқылы тағамдарды дайындау үшін
пайдаланыңыз.
Жалпыға белгілі пікірге қарсы, дайындалған
тағамдарды балғын тағамдардан қарағнда аз сақтау
керектігін есте сақтаңыз.
Мұздатқыштың ылғалдылығын арттырудың
алдын алу үшін қақпағы жоқ сыйымдылықтарда
сұйықтық қоймаңыз - бұл температураның артуына
әкеледі.
Мұздату бөліміне тоңазытылатын өнімі бар
толық шыны сыйымдылықтарды ұзақ уақытқа
орналастырмаңыз. Сұйық, кристаллдана отырып,
сыйымдылықты бүлдіруі мүмкін.
Егер қоршаған ортаның температурасы ұзақ
уақыт бойы 10°С-ден аспаса, онда өнімдерді сақтау
үшін қажетті температураға қол жеткізілмейді, бұл
өнімдерді сақтау уақытын қысқартады
Жылдам тоңазыту тәртібі төмен
температураларға жылдам жетуі үшін құралдың жұмыс
режимін қамтамасыз етеді. Режимнен қолмен де,
автоматты түрде де шығуға болады.
Жаңа піскен өнімдер максималдысының,
құралдың ішіндегі тақта-паспортта көрсетілгеннің
жартысынан артық емес тоңазыту үшін, осы өнімдерді
тоңазытуға арналған бөлімге салыңыз да, жылдам
тоңазыту атқарымын қосыңыз. Режимді қосудан 48
сағат өткен соң құрал автоматты түрде қалыпты
режимге оралады.
Жаңа піскен өнімдердің сіздің құралыңыз үшін
максималды мөлшерін тоңазыту үшін, жаңа өнімдерді
салуға дейін 24 сағат бұрын жылдам тоңазыту режимін
қосыңыз, өнімдерді тоңазытуға арналған бөлімге
салыңыз. Режимді қосудан 48 сағат өткен соң құрал
автоматты түрде қалыпты режимге оралады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр энергиясын ажыратқан
кезде құрал оны берудің қалыпты бұдан бұрын таңдап
алынған режимінде жұмыс жасай бастайды.
Электр энергиясын үнемдеу бойынша
ұсыныстар
Мұздатқышты дұрыс орналастырыңыз
Жылу көздерінен қашықтықта, жақы желдетілетін
ғимаратты, «Орнату» параграфының ұсыныстарына
сәйкес.
Температураны дұрыс орнатыңыз.
Басқару панелінде суықтың орташа режимін
орнатыңыз. Артық төмен температураны қою тек электр
энергиясы шығынының артуына ғана әсер етеді, бірақ
өнімдердің сақталуын жақсартпайды.
Артық толтырмаңыз.
Тағамдардың сақталуы үшін ауаның жеткілікті
айналымы қажет. Тағамдармен артық толтыру ауаның
еркін айналуына, мұздатқыштың дұрыс жұмысына
кедергі келтіреді және электр энергиясының қосымша
шығынын тудырады.
Есіктерін жабық ұстаңыз.
Есікті қажеттілік жағдайында ғана ашыңыз. Есікті
әр жолы ашу мұздатқыш ішіндегі температураны
біршама көтеретінін және бұрынғы температураны
қалпына келтіруге электр энергиясы жұмсалатынын есте
сақтаңыз. Егер есік ұзақ уақыт ашық тұрса, бұл құрылғы
бөліктеріндегі температураның едәуір жоғарылауына
және өнімнің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Есікті тығыз жабыңыз
Мұздатқыш есігіндегі нығыздағыш резеңкенің таза
қалуын және жапқан кезде корпусқа тығыз жанасуын
қадағалаңыз, бұл суық ауаның кемуіне жол бермеуге
жәрдемдеседі.
Ыстық тамақты қоймаңыз
Мұздатқышқа қойылған ыстық тағамдар тез арада
температураны бірнеше градусқа арттырады. Тамақты
және ыдысты мұздатқышқа қоймас бұрын, оны бөлме
температурасына дейін салқындатыңыз.
Бұл құрал тұрмыстық және басқа да ұқсас
жағдайларда пайдалану үшін тағайындалған.
Дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да
өндірістік жағдайлардағы қызметкер үшін ай үй
аймақтарында;
Фермерлік құрылымдарда және қонақ үй, мотель
және басқа да тұрғылықты типтегі инфрақұрылымдардағы
клиенттер;
«Тұру және таңғы ас» пансион режимі
жағдайларында
Қоғамдық тамақтануда және саудамен
байланысты емес ұқсас жағдайларда.
Похожие устройства
- Meyvel MH2-1400P1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH3-1200P4 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH4-1000P1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH6-1200S1 Руководство по эксплуатации
- Creality Sermoon D3 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH7-1000S1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH8-1000S1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH9-2000P1 Руководство по эксплуатации
- Oasis bi500/100/8 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis 500/80/10 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis 500/80/12 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis 500/80/8 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/80/4 Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/80/6 Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/80/8 Руководство по эксплуатации
- Mediclinics SPEEDFLOW PLUS Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/100/10 Руководство по эксплуатации
- Hotpoint HFZ 6185 W белая Руководство по эксплуатации
- Braun MQ3145.WH Aperitive Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/100/12 Руководство по эксплуатации