Hotpoint HFZ 5171 S Руководство по эксплуатации онлайн [14/28] 888212
![Hotpoint HFZ 5171 S Руководство по эксплуатации онлайн [14/28] 888212](/views2/2126799/page14/bge.png)
Ақаулар мен оларды жою әдістері
14
Мұздатқыш қанағаттанарлықсыз жұмысы немесе
жарамсыздықтардың пайда болуы жағдайында
сервистік қызмет техниктерін шақырмас бұрын осы
тарауды оқыңыз. Көптеген жағдайларда Сіз туындаған
проблемаларды өзіңіз шеше аласыз.
Мұздатқыш істемейді
Төмендегілерді тексеріңіз:
Үйде электр ажыратылмаған;
Вилка розеткаға сенімді қосылған;
Розетка жұмысқа жарамды. Тексеру үшін
розеткаға жұмысқа жарамдылығында күмәніңіз жоқ
құрылғыны қосыңыз.
Мұздатқыш бөліктеріндегі температура өте
жоғары
Төмендегілерді тексеріңіз:
Есік тығыз жабылған, есік нығыздағышы
зақымдалмаған;
Суықтың қажетті режимі орнатылған;
Бөліктер тағамға аса толмаған;
Мұздатқыштың есігі жиі ашылмады.
Компрессор үнемі жұмыс істеп тұрады
Төмендегілерді тексеріңіз:
Есік тығыз жабылған, есік нығыздағышы
зақымдалмаған, есік тым жиі ашылмайды;
Ғимараттағы температура аса жоғары емес;
Жылдам тоңазыту режимі қосылған;
Мұздатқыш жұмыс кезінде қатты шуылдайды
Төмендегілерді тексеріңіз:
Мұздатқыш тегіс қойылған;
Мұздатқыш бөгде заттарға тимейді (мысалы,
жанындағы жиһаздар).
Салқындату жүйесінің ішінде айналатын
салқындатқыш агент, тіпті компрессор жұмыс істемей
тұрса да, ақырын бүлкілдеуі мүмкін. Алаңдамаңыз, бұл
өте қалыпты
Термореттегіш пен компрессорды қосуға тән
дыбыстар аспаптың электр жабдығы жұмыс жасауы
кезінде пайда болатын дыбыстар болып табылады.
Хабарландырудың қызыл индикаторы
жыпылықтайды және дыбыс сигналы шығады
Төмендегілерді тексеріңіз:
Есік тығыз жабылған, есік нығыздағышы
зақымдалмаған;
Бөліктер тағамға аса толмаған;
Мұздатқыштың есігі жиі ашылмады.
Температура көтерілуінің себептерін жойғаннан кейін
барлық хабарландырулар өз бетімен аяқталады.
Температура индикаторымен бірге
хабарландырудың қызыл индикаторы
жыпылықтайды және дыбыс сигналы шығады
Құрал резервтік теңшелімдер бойынша жұмыс
істеп жатыр, сервис қызметінің көмегі қажет.
Қызмет көрсету және күту
Жуу немесе қызмет көрсету бойынша кез
келген операцияларды орындау алдында
мұздатқышты электр желісінен ажыратыңыз.
Еріту
No Frost жүйесі бар мұздатқыш автоматты түрде
жібітіледі. Пайда болатын су дренаждық жүйеге келіп
түседі де, одан кейін сығымдағыш жылуымен буға
айналады.
Егер сіз оны қолмен жібітуді шешсеңіз- құралды
электр желісінен ажыратыңыз. Еріту уақытында
тоңазытылған тағамдарды газеттің бірнеше қабатына
ораңыз да, оларды мүмкіндігінше салқын орынға
орналастырыңыз.
Қырау тезірек еруі үшін есігін ашық қалтырыңыз.
Жібітуді жеделдету үшін камераға жылы суы бар
кәстрөлді орналастырыңыз.
Жиналған ылғалды сорғышпен немесе сіңіргіш
матамен тазалаңыз. Қайталап қосу алдында
камераларды жуыңыз да, мұқият кептіріңіз.
Қолмен орындалатын жібіту, құралды тазарту және
оған қызмет көрсету кезінде тоңазытылған тамақ
өнімдері температурасының артуы оларды сақтау
мерзімін азайтуы мүмкін.
Қызмет көрсету және күту
Мұздатқыштың ішкі және сыртқы беттерін жылы
суда ас содасының ерітіндісінде суланған сорғышпен
немесе жұмсақ матамен жуыңыз (сода сонымен қатар
жақсы дезинфектор болып табылады). Ас содасы жоқ
болған кезде бейтарап жуғыш құралды пайдаланыңыз.
Ешқашанда жеңіл тұтанатын органикалық
еріткіштерді, абразивтілерді, хлоры және аммиакы бар
заттарды пайдаланбаңыз.
Барлық алынбалы бөліктерді сабынның немесе
жуғыш құралдың судағы ерітіндісімен жууға болады.
Сонымен қатар оларды ыдыс жуғыш машинада жууға
болады. Есіңізде болсын, барлық алынбалы бөліктерді
қайтадан мұздатқышқа қойғанға дейін мұқият кептіру
қажет.
Тозаң мұздатқыштың конденсаторында жиналуы
мүмкін және оның қалыпты жұмысына кедергі келтіруі
мүмкін. Жарамды қондырғыларды пайдалана отырып,
мұздатқыштың артқы қабырғасын мұқият шаңын
сорыңыз.
Егер Сіз ұзақ уақытқа мұздатқышты
пайдаланбайтын болсаңыз, оны ерітіңіз де, ішін жуыңыз,
кептіріңіз және жағымсыз иіс пен тозаңның пайда
болуының алдын алу үшін, есіктерін ашық қалтырыңыз.
Похожие устройства
- Meyvel MH2-1400P1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH3-1200P4 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH4-1000P1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH6-1200S1 Руководство по эксплуатации
- Creality Sermoon D3 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH7-1000S1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH8-1000S1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH9-2000P1 Руководство по эксплуатации
- Oasis bi500/100/8 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis 500/80/10 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis 500/80/12 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis 500/80/8 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/80/4 Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/80/6 Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/80/8 Руководство по эксплуатации
- Mediclinics SPEEDFLOW PLUS Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/100/10 Руководство по эксплуатации
- Hotpoint HFZ 6185 W белая Руководство по эксплуатации
- Braun MQ3145.WH Aperitive Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/100/12 Руководство по эксплуатации