LG InstaView GC-Q22FTAKL стальной [69/0] Смарт функциялары

LG InstaView GC-Q22FTAKL стальной [69/0] Смарт функциялары
27
KK
СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
LG ThinQ қолданбасы
Бұл функция тек Wi-Fi желісі бар үлгілерде
қолжетімді.
LG ThinQ қолданбасы смартфон арқылы
құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді.
LG ThinQ қолданбасының
функциялары
Ыңғайлы смарт функцияларды пайдаланып,
смартфоныңыз арқылы құрылғыңызды
басқарыңыз.
Smart Diagnosis™
Құрылғыны пайдалану кезінде мәселе болса,
бұл Smart Diagnosis мүмкіндігі сізге мәселені
диагностикалауға көмектеседі.
Параметрлер
Құрылғы мен қолданбада әртүрлі
опцияларды орнатуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ
Егер сымсыз роутеріңізді, интернет
провайдеріңізді немесе құпия сөзді
ауыстыратын болсаңыз, LG ThinQ
қолданбасынан тіркелген құрылғыны жойып,
оны жаңадан тіркеңіз.
Құрылғыны жетілдіру мақсатында қолданба
пайдаланушыларға ескертілместен өзгертілуі
мүмкін.
Ерекшеліктері үлгісіне қарай әр түрлі болуы
мүмкін.
LG ThinQ құрылғысын
пайдалануға дейін
1
Құрылғы мен сымсыз бағдарлауыш
арасындағы қашықтықты (Wi-Fi желісін)
тексеріңіз.
Жабдық пен сымсыз роутер арасы
тым алыс болса, сигнал беру деңгейі
әлсірейді. Тіркеуге көп уақыт кетуі мүмкін
немесе жабдық орнатылмауы мүмкін.
2
Смартфоныңыздағы Мобильді интернет
немесе Ұялы деректер функциясын
өшіріңіз.
3
Смартфоныңызды сымсыз роутерге
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Wi-Fi байланысын тексеру үшін, басқару
панеліндегі Wi-Fi белгішесі жанып
тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы 2,4 Ггц Wi-Fi желілерімен ғана
жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау
үшін интернет қызметінің провайдеріне
хабарласыңыз немесе сымсыз
бағдарлауыштың нұсқаулығын қараңыз.
LG ThinQ қолданбасы желілік байланысқа
немесе желілік байланысқа қатысты қандай
да бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе
қателіктерге жауапты емес.
Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда
қандай да бір қиындықтар туындаса, ол
көп жағдайда роутерге байланысты емес.
Wi-Fi сигналының қуатын жақсарту үшін,
Wi-Fi репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып
алыңыз.
Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi
байланысы қосылмауы мүмкін немесе
ажырап кетуі мүмкін.
Желілік байланыс интернет қызметінің
провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі
қызметін баяулатуы мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать