Moulinex LM439D10, как новый Инструкция по эксплуатации онлайн [67/0] 893407

Moulinex LM439D10, как новый Инструкция по эксплуатации онлайн [67/0] 893407
50
Блендер ыдысы және оның бөлшектерінің пышағының жүздері
(үлгісіне қарай) өте үшкір. Ыдыстағы пышақтарды (үлгісіне
қарай) және бөлшектерін (үлгісіне қарай) алу/салу, сонымен қатар
құралды тазалау барысында сақтық шараларын сақтаған жөн.
Құралдың жұмыс істеп тұрған кезінде блендер ыдысына
саусағыңызды не нұсқаулықта көрсетілмеген заттарды салмаңыз.
Құрал жұмысын толық аяқтамағанға дейін оның қақапағын және/
немесе ыдысын шешіп алуға тыйым салынады.
Құралды әрқашан қақпағымен жауып жүріңіз.
Пайдалану кезінде құралды тегіс, таза әрі құрғақ жерде
орналастыру керек.
Құралды, қоректендіру баусымын немесе ашаны суға немесе кез
келген басқа сұйықтыққа салуға тыйым салынады.
Құралдың қоректендіру баусымын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Қоректендіру баусымының құралдың ыстық беттеріне немесе
жылу көздеріне жақын орналаспауын немесе олармен жанаспауын,
сонымен қатар үстел бетінен салбырап тұрмауын қадағалаңыз.
Баусымды ыдысына пышақтармен бірге салмаңыз.
Құрал іске қосылып тұрған кезде құрал баусымының оның
қозғалмалы бөлшектерімен (жүздерімен) жанаспауын
қадағалаңыз.
Құралды желіден ажырату үшін қоректендіру баусымынан
тартпаңыз.
Жұмыс жасап тұрған құралдың немесе керек-жарақтардың үстінен
ұзын шаштың, шалғының, галстуктың және т.б салбырамауын
қадағалаңыз.
Егер қоректендіру баусымы немесе аша зақымданса, құралды
қоспаңыз. Кез келген түрдегі қауіптен аулақ болу үшін оны
алмастыру тек уәкілетті қызмет көрсету орталығында орындалуы
қажет (тізімді құралдың қызмет көрсету кітапшасынан қараңыз).
Өзіңіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін тек осы құралға арналған
саптамалар мен қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Абай болыңыз, себебі асүйлік комбайн немесе блендерге құйылған
ыстық сұйықтық кенеттен қайнаудан шайқалып төгілуі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать