Haier HI-701 Руководство по эксплуатации онлайн [10/13] 898890

Haier HI-701 Руководство по эксплуатации онлайн [10/13] 898890
18 19
ҚАҚТАН ТАЗАЛАУ
Егер басқару тақтасында қақтан тазарту
қажеттілігінің индикаторы пайда болса,
тазалау керек.
Үтікті толығымен сумен толтырыңыз.
• Бу генераторын қосыңыз.
Бу беру түймесін және үтіктеу режимін
таңдау батырмасын бір уақытта басып
тұрыңыз (шамамен 3х секунд). Сіз дыбыстық
сигнал естисіз және үтік өзін-өзі тазарту
режиміне өтеді.
Өзін-өзі тазалауды жалғастыру үшін үтіктеу
режимін таңдау батырмасын басыңыз (немесе
бас тарту үшін бу беру батырмасын басыңыз).
Үтікті тазалау процесі аяқталғанға дейін ерікті
ыдыстың немесе шұңғылшаның үстінде 15 см
қашықтықта ұстау керек.
Тазалау аяқталғаннан кейін үтік алдыңғы
жұмыс режиміне өтеді.
Үтіктің табанындағы кір мен сұйықтықтың
қалдықтарын кетіру үшін қажет емес матаны
үтіктеңіз.
ҚАҚҚА ҚАРСЫ КАРТРИДЖ
Бу генераторы қызмет ету мерзімін ұзарту үшін
қаққа қарсы картриджбен жабдықталған.
Картриджді тазалау қажеттілігінің индикаторы
пайда болған кезде оны бу генераторының
негізінен алыңыз.
Ағынды сумен жақсылап шайыңыз.
Бу генераторының негізіне қайта орнатыңыз.
Басқару тақтасында картриджді
тазалау қажеттілігінің индикаторы
көрсетілмеуі үшін үтіктеу режимін
таңдау батырмасын басып
тұрыңыз.
ҮТІК ТАБАНЫН ТАЗАЛАУ
Бу генераторын электр желісінен ажыратыңыз
және оның суығанын күтіңіз.
Тазалау үшін жұмсақ, дымқылданған матаны
пайдаланыңыз. Сызаттар қалдыратын қатты
матаны немесе ысқышты пайдаланбаңыз.
Қажақты тазартқыш құралдарды, сіркесуды
немесе қақты кетіруге арналған басқа
құралдарды пайдаланбаңыз.
ҮТІКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР
Киімді маталар типі бойынша алдын
ала сұрыптаңыз, бұл режимдерді сирек
ауыстырып-қосуға мүмкіндік береді және
уақытты үнемдейді.
Температурасы неғұрлым жоғары режимнен
төменірекке ауыстырып-қосқанда табанға
салқындауға уақыт беріңіз, бірден үтіктеуге
кіріспеңіз. Салқындатуды жылдамдату үшін сіз
бу беру батырмасын бірнеше рет баса аласыз.
Үтік, салқындағанына қарағанда, жылдам
қызады. Сондықтан алдымен заттарды төмен
температурада үтіктеу ұсынылады.
Үтіктеуді ылғи көзге түспейтін жерден немесе
матаның сырт жағынан бастаңыз.
Үтіктеген кезде нәзік маталарды (жібек,
мақпал, жүн) бүлдіріп алмау үшін үтіктеуге
арналған арнайы матаны пайдаланыңыз.
Үтікті қосу/ өшіру. батырмасын 2-3 секунд
ішінде басып тұрып өшіруге болады.
САҚТАУ
Құрастырылған аспапты қышқылдар мен
сілтілер сақталатын орындардан оқшауланған,
құрғақ салқын жерде, 5°C-тан 30°C-қа дейінгі
температурада және 65%-дан аспайтын салы-
стырмалы ылғалдылықта сақтау ұсынылады.
ЫҚТИМАЛ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШІМДЕРІ
Мәселе Себебі Шешімі
Бу генераторы жұмыс істемейді
Үтік әлі де қызып жатыр Күте тұрыңыз
Үтік желіге қосылмаған Желіге қосыңыз
Розетка жұмыс істемейді Басқа розеткаға қосыңыз
Бу батырмасын басқан кезде бу шықпайды
Резервуарда су жоқ Су ыдысын толтырыңыз (үтіктің өзінің)
Үтік әлі де қызып жатыр Күте тұрыңыз
Бу беру бұл режимде қолжетімді емес
Өзгерту үшін үтіктеу режимін таңдау
батырмасын басыңыз
Табан жеткіліксіз қызады Үтіктеу режимі дұрыс таңдалмаған Үтіктеу режимін таңдау батырмасын басып
жоғары температура режимін орнатыңыз
Мата зақымдалған Табанның қызып кетуі Температура режимін ҮТІКТЕУ РЕЖИМІН
ТАҢДАУ тарауына сәйкес орнатыңыз
Үтік бу генераторының түбінен
су шығармайды
Үтік қосылмаған Үтікті қосыңыз
Бу генераторының негіздік багы бос Бу генераторының негіз багын сумен
толтырыңыз
Үтік негізге дұрыс орнатылмаған Үтікті бу генераторының негізіне мұқият
және біркелкі орнатыңыз

Похожие устройства