Haier HI-701 Руководство по эксплуатации онлайн [9/13] 898890
![Haier HI-701 Руководство по эксплуатации онлайн [9/13] 898890](/views2/2138176/page9/bg9.png)
16 17
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
• Аспапты пайдалануды бастар алдында
барлық қаптау және қорғаныс материалдарды
шешіңіз және кәдеге қауіпсіз жаратыңыз.
• Қуат сымын шешіп, түзетіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Алғашқы қолданар ал-
дында суды құйып, буды берудің максималды
мөлшерін орната отырып, үтікті қажетсіз ма-
таға сынап көру ұсынылады. Өндірістен кейінгі
шаңның ұсақ бөлшектері аспап бөлшектерінде
қалып, матаны бұзуы мүмкін.
БУ ГЕНЕРАТОРЫН СУМЕН ТОЛТЫРУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап су құбыранан
алынған кәдімгі суды пайдаланумен жұмыс
істеуге арналған. Кез келген басқа сұй-
ықтықтарды, хош иістендірілген суды пайда-
лану, қақ кетіретін құралдары қосу үтіктің өзін
және Сіз үтіктейтін матаны бүлдіруі мүмкін.
• Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
• Бу генераторының негізін үтіктен бөлек
алыңыз, су құятын саңылаудың бітеуішін
ашыңыз.
• Су құюға арналған ыдысты немесе
басқа ыдысты пайдаланып, су ыдысын
MAX белгісіне дейін толтырыңыз
және құюға арналған саңылау
бітеуішін жабыңыз.
• Үтік оны Сіз негізге қойған кезде өздігінен
сумен толтырылады.
• Үтікті үтіктің шүмегіндегі құюға арналған
саңылауы арқылы негізден бөлек сумен
толтыруға болады. Бұл ыңғайлы емес,
бұл саңылау көбінде үтіктеу аяқталғаннан
кейін қалған суды ағызу үшін жасалған.
ҮТІКТЕУ РЕЖИМІН ТАҢДАУ
• Аспап үтіктеудің бірнеше температурлық
режимімен жабдықталған. Пайдалануды
бастар алдында мата өндірушісі ұсынған
температуралық режимі туралы ақпаратымен
танысыңыз.
1-режим – Ацетат, Эластан, Полиамид.
2-режим – Полиэстер, Жібек, Триацетат,
Вискоза, Жүн.
3-режим – Мақта, Зығыр, Джинсы.
MAX режимі – 3-режиммен салыстырғанда,
жоғарлатылған температура және будың
берілуі дәл сол маталарға, бірақ қиын
үтіктелетіндерге арналған.
ECO режимі – матаның барлық түрлеріне
жарамды және тұтынылатын энергияны
үнемдейді.
1-Режим нәзік маталар үшін жасалған және
тұрақты бу беруді қамтамасыз етпейді,
бу соққысы жұмыс істейді.
Бумен үтіктеу үшін 2 Режимін, 3 Режимін және
MAX режимін пайдалану ұсынылады.
• Бу генераторын электр желісіне қосқаннан
кейін ECO қосылып, қыздыру басталады.
Режимді өзгерту үшін қажетті режим
таңдалғанша режимді таңдау батырмасын
қажетті рет басыңыз.
• Режим таңдалғаннан кейін тиісті индикатор
жыпылықтай бастайды. Жыпылықтаудың
аяқталуы бу генераторының жылынғанын
және үтіктеуді бастауға болатындығын
білдіреді.
ПАЙДАЛАНУ
• Бу генераторы резервуарының сумен
толтырылғанына көз жеткізіңіз.
• Аспапты электр желісіне қосыңыз, үтікті
негізге қойыңыз.
• Үтіктің бу генераторының негізінен сумен
толтырылып болғанша күтіңіз.
• Үтіктеудің қажетті режимін таңдаңыз.
• Үтіктеуді таңдалған режимнің шамдары
жыпылықтауды тоқтатқаннан кейін
ғана бастаңыз, бұл бу генераторының
қызып, жұмыс істеуге дайын екенін
білдіреді.
• Үтіктеу аяқталғаннан кейін аспапты электр
желісінен ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтікті негізден
толығымен бөлек пайдалануға болады.
Үтікті өшіру үшін үтіктеу режимін таңдау
батырмасын басып тұруға болады.
ТІГІНЕН БУМЕН ҮТІКТЕУ
Бұл режим маталарды ілінген күйде үтіктеуге
арналған.
• Бу генераторының резервуарын сумен
толтырыңыз, үтікті үтік резервуарының
суын толтыру үшін бу генераторының
негізіне қойыңыз.
• MAX режимін таңдаңыз, аспап қызғанша
күтіңіз.
• Үтікті тік күйінде ұстаңыз.
• Матаны 15-30 см қашықтықта жоғары /
төмен қозғалыстармен, бу беру батырмасына
болымсыз үзілістермен басып отырып,
булап үтіктеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Денеге киілген киімді
үтіктемеңіз, бу ыстық, күйік алу қатері өте
жоғары.
АВТОСӨНДІРІЛУ (Үзіліс Режимі)
Қауіпсіздік үшін үтік үзіліс режиміне көшудің
автоматты жүйесімен жабдықталған, бұл ретте
қыздыру сөндіріледі.
Үтік қолданылмаған жағдайда, үзіліс режимі
қосылады:
- Тік күйде 8 минуттан кейін қосылады.
- Көлденең күйде 30 секундтан кейін
қосылады.
Кідірту режимінен шығу үшін үтікті қолыңызға
алу немесе үтіктеу режимін таңдау батырмасын
басу жеткілікті.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл режим пайдала-
нушыны үтікті электр желісінен ажыратудан
босатпайды.
СУ ЫДЫСЫН БОСАТУ
Жұмыс аяқталғаннан кейін әрқашан үтіктің
су ыдысын және бу генераторының негізін
босату ұсынылады.
• Бу генераторын электр желісінен ажыратып,
толық суытыңыз.
• Бу генераторы мен үтік негізінің қалған суын
тиісті су құятын бөліктер арқылы кез келген
ыдысқа бөлек құйыңыз.
ҚУАТ СЫМЫНЫҢ ҰСТАҒЫШЫ
Бу генераторымен бірге бу генераторының
негізіне орнатылатын қуат сымының
ұстағышы жеткізіледі.
Похожие устройства
- ZUGEL ZEH290B Руководство по эксплуатации
- Artway AV-304 Руководство по эксплуатации
- Tecno BG6 SPARK Go 2024 Green Руководство по эксплуатации
- Korting KNFS 83414 N черный Руководство по эксплуатации
- Korting KNFS 83414 X нержавеющая сталь Руководство по эксплуатации
- Brother InkBenefit Plus DCP-T420W Руководство по эксплуатации
- Sandisk 128GB (SDSQUNS-128G-GN6MN) Руководство по эксплуатации
- Topdevice TDSEK002_WT белый Руководство по эксплуатации
- Topdevice TDSEK002_BK черный Руководство по эксплуатации
- АвтоУПОР UHYBAY011 Руководство по эксплуатации
- Rival AK.2323.1 Руководство по эксплуатации
- Rival D180AL.2313.2 Руководство по эксплуатации
- Rival A180ALB.2313.2 Руководство по эксплуатации
- Rival F180AL.2313.2 Руководство по эксплуатации
- Rival F180ALB.2313.2 Руководство по эксплуатации
- Berg F.4013.002 Руководство по эксплуатации
- Автоброня 111.02201.1 Руководство по эксплуатации
- Автоброня 111.05783.1 Руководство по эксплуатации
- Rival 1.9418.1 Руководство по эксплуатации
- Rival 111.1871.1 Руководство по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения