KRAFT BD(W)-365S Руководство по эксплуатации онлайн [21/31] 901817
![KRAFT BD(W)-365S Руководство по эксплуатации онлайн [21/31] 901817](/views2/2113343/page21/bg15.png)
40
41
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
МҰЗДАТҚЫШ ЛАРЬ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
МҰЗДАТҚЫШ ЛАРЬ
Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз!
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ!
Сізді KRAFT мұздатқыш ларін сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Ол азық-түліктерді
мұздатып, сақтауда сенімді көмекшіңіз болатындығына сенімдіміз. Мұздатқыш ларьді
пайдаланар алдында, осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Осы мұздатқыш
ларьді пайдалану барысында қандай да бір мәселелерге тап болсаңыз, бізге
хабарласуыңызды өтінеміз.
Сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Құрылғының температураның күрт өзгеру жағдайына тап болуына жол бермеңіз.
Температураның тез өзгеруі (мысалы, аяздан жылы орынжайға кіргізу) құрылғы
ішіндегі ылғал конденсациясын туғызуы және оны қосқан кезде жұмыс істеу
жарамдылығын бұзуы мүмкін. Мұздатқыш ларьді төмен температурада сақтаған кез-
де немесе қысқы мезгілде тасымалдағаннан кейін, оны қаптамадан шығарылған
күйде бөлме температурасында кемінде 6 сағат тұрғаннан кейін ғана қосу керек.
МАЗМҰНЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ...........................................................................................37
АСПАПТЫҢ СИПАТЫ ...................................................................................................40
ОРНАТУ ЖӘНЕ ҚОСУ ...................................................................................................40
ПАЙДАЛАНУ .................................................................................................................42
МҰЗДЫ ЕРІТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ ....................................................................................43
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ...............................................................................................45
ТАСЫМАЛДАУ ..............................................................................................................46
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ..........................................................................................................47
СИПАТТАМАСЫ / ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ .....................................................................48
КЕПІЛДІК ТАЛОНЫ ......................................................................................................49
ОРНАТУ ТАЛОНЫ .........................................................................................................50
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Сіздің қауіпсіздігіңіз және мұздатқыш ларьді дұрыс пайдалану мақсатында,
қолданар алдында берілген нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, сондай-ақ аспап-
ты тасымалдағаннан соң немесе сатқаннан кейін алушы оқу үшін оны сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына алып келуі, пайдаланушыға
материалдық залал немесе денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Мұздатқыш ларь тек тұрмыстық жағдайларда немесе төменде көрсетілген
тұрмыстық жағдайларға жақын жағдайларда тамақ өнімдерін салқындатуға және
мұздатуға ғана арналған:
– қоғамдық тамақтану орны;
– дайын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;
– көтерме және бөлшек саудаға ұқсас жағдайлар.
БАРЛЫҚ МОДЕЛЬДЕГІ МҰЗДАТҚЫШ ЛАРЬЛЕРДІ ОРЫНЖАЙДЫ САЛҚЫНДАТУ
ҮШІН ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Мұздатқыш ларьді арналуына сай пайдаланбау, орнату, пайдалану, тазалау
қағидаларын және қауіпсіздік шараларын бұзу, сондай-ақ температуралық шарт-
тарды сақтамау сізді кепілдіктік қызмет көрсету құқығынан айырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты дұрыс пайдаланбау немесе сақтық
және қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан орын алған қандай да бір
бұзылушылықтар үшін шығарушы жауапкершілік алмайды.
• Аспапты қаптамадан шығара отырып, оның бүтіндігіне және бүлінулердің
жоқтығына көз жеткізіңіз. Қаптама материалдарын балалардан алысқа
қойыңыз. Қаптаманы кәдеге дұрыс жаратыңыз.
• Аталған аспап дене немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның
ішінде 8 жасқа дейінгі балалардың) пайдалануына, сондай-ақ қауіпсіздігіне
жауапты адамның бақылауынсыз аспапты қолдануға байланысты білімдері
мен тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына арналмаған. Балалар
аспаптың бөлшектерімен ойнамау керек. Балалар аспапты күту және тазалауды
ересек адамдардың қадағалауынан тыс орындамау қажет.
• Балалардың мұздатқыш ларьді пайдалануы тек ересектердің қадағалауымен
ғана мүмкін болады. Ларь пайдаланылмай тұрған кезде, балалардың оның ішіне
кіріп, есігін тарс жауып, ішінен кілттеніп қалмауын қадағалаңыз.
• Аспапты алғаш рет (және одан соң) қосар алдында, бұзылулардың жоқтығын
және бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетін-келмейтіндігін тексеріп шығыңыз.
• Аспаптың немесе электр қуат беру баусымының қандай да бір бұзылулары болған
кезде, оны элект желісіне қоспаңыз. Тауарды сатып алған дүкенге бұзылулар ту-
ралы хабарлаңыз, сараптама және жөндеу үшін сервистік орталыққа жүгініңіз.
Оны өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Бұл жағдайда қаптаманы лақтырып
тастамаңыз.
Похожие устройства
- KRAFT BD(W)-432QX Руководство по эксплуатации
- Rowenta Hair Therapist CF9940F0 Руководство по эксплуатации
- Rowenta Hair Therapist CF9940F0 Руководство по эксплуатации
- Homsair OEM606WH Руководство по эксплуатации
- Homsair OEM606BK2 Руководство по эксплуатации
- Korting KMO 815 RN Руководство по эксплуатации
- Korting KMO 815 RSI Руководство по эксплуатации
- Maunfeld JBMO820GB01 Руководство по эксплуатации
- Huawei Band 9 KIM-B19 Charm Pink Руководство по эксплуатации
- Pozis FV-115 Graphite Руководство по эксплуатации
- Pozis RK-102 графитовый Руководство по эксплуатации
- Pozis RK-102 рубиновый Руководство по эксплуатации
- Huawei Band 9 KIM-B19 Dawn White Руководство по эксплуатации
- Pozis RK-103 белый Руководство по эксплуатации
- Huawei Band 9 KIM-B19 Lemon Yellow Руководство по эксплуатации
- Haier HSR Pro + Руководство по эксплуатации
- Huawei Band 9 KIM-B19 Blue Руководство по эксплуатации
- Huawei 28.2"/IPS/3840x2560/60Гц/белый (HSN-CAA) Руководство по эксплуатации
- Elba Air AP-202 Руководство по эксплуатации
- GoPower Genius2000 Руководство по эксплуатации