Vitek VT-1364 Руководство по эксплуатации онлайн [12/24] 147582

Vitek VT-1364 Руководство по эксплуатации онлайн [12/24] 147582
12
ҚАЗАҚША
ШАШ ҚЫРҚАТЫН МАШИНА VT-1364
Құрылғы шашты қырқуға және сиретуге
тағайындалған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Триммер
2. Қиылған шаштың биіктігі реттегіші
(1,0/1,3/1,6/1,9 мм)
3. Саптамаларды шешуге арналған түйме
4. Корпусы
5. Қуатты өзгерту түймесі (ТУРБО) «Т»
6. Іске қосу/сөндіру батырмасы « »
7. Аккумуляторды зарядтау дәрежесінің
индикаторы
8. Зарядтау режимінің индикаторы
9. «Турбо» режимінің индикаторы
10. USB кабелін қосуға арналған ұя
11. Шаш қиюға арналған саптама 3 мм
12. Шаш қиюға арналған саптама 6 мм
13. Шаш қиюға арналған саптама 9 мм
14. Шаш қиюға арналған саптама 12 мм
15. Қуаттау блогы
16. USB кабель - Type С
17. Тазалауға арналған қылшақша
18. Майлауға арналған май
19. Тарақ
20. Саптаманы бекітуге арналған ойық
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр аспапты пайдаланудың алдында осы
пайдалану жөніндегі басшылықты мұқият оқып
шығыңыз және оны анықтамалық материал
ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Берілген
нұсқаулықта көрсетілгендей, құрылғыны тек
оның тікелей тағайындалымы бойынша ғана
пайдаланыңыз.
Аспапты дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлігіне зиян
келтіруге әкелуі мүмкін.
Аккумуляторлық батареяны қуаттандыру үшін
құрылғыны желіге алғашқы қосу алдында,
электрлік желідегі кернеудің желілік адаптердің
жұмыс істеу кернеуіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
Жеткізілім жиынтығына кіретін қондырмалар
мен желілік адаптерді ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны температурасы жоғары және
қатысты ылғалдылығы 80% асатын орындарда
қолданбаңыз.
Аккумулятор батареясын +5°C - +35°C
температура аралығы кезінде қуаттанды рыңыз.
Бүлінген қондырмалары немесе жүздері бар
құрылғыны қолдануға тыйым салынады.
Құрылғыны жануарлар жүнін қырқу үшін
пайдаланбаңыз.
Әрқашан жүздің тазалығы мен оған майлайтын
май жағылғандығын тексеріп жүріңіз.
Әрбір қолданудан кейін қондырмаларды
қылшақша көмегімен қиылған шаштардан
тазалап отырыңыз.
Ешқашан жұмыс істеп тұрған құрылғыны
қараусыз қалдырмаңыз.
Жұмыс уақытындағы үзілістер кезінде немесе
құрылғы пайдаланылмаған кезде оны өшіріп
қойыңыз.
Желілік адаптердің бауына болмайтындар:
ыстық заттармен және беттермен жансуға,
суға батыруға,
үшкір шеттер арқылы тартуға,
құрылғыны тасымалдауға арналған тұтқа
ретінде падалануға.
Құрылғыны электр желісінен ажырату
кезінде, ешқашан желі бауынан тартпаңыз,
желілік адаптерден ұстаңыз және оны электр
розеткасынан абайлап шығарыңыз.
Аспапты тазалауды мезгілімен жүргізіңіз.
Аспап корпусын, желілік адаптерді немесе
желілік адаптер сымын суға немесе кез-келген
өзге сұйықтыққа салмаңыз.
Аспап корпусына және желілік адаптерге ылғал
қолдарыңызбен жақындамаңыз.
Аспапты желіге қосулы күйінде қараусыз
қалдырмаңыз.
Балаларға аспап корпусына, желілік адаптерге
және желілік адаптер сымына жұмыс кезінде
жақындауға рұқсат етпеңіз.
Осы құрылғы балалардың қолдануына
арналмаған.
Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құрылығыны балалардың
және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерлерде орналастырыңыз.
Аспап сенсорлық сезімталдығы төмен,
физикалық немесе ақыл-ой қабілеті төмен
немесе өмірлік тәжірибесі немесе білімі жоқ
адамдарға (балаларды қоса алғанда), егер
олар бақылауда болмаса немесе олардың
қауіпсіздігіне жауапты адамға аспапты
пайдалану туралы нұсқау берілмесе,
пайдалануға арналмаған.
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін
балаларды қадағалау керек.
Балалардың қауіпсіздігі мақсатында қаптама
ретінде пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді
бақылаусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
қаптармен немесе қаптама үлбірімен ойнауға
рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі!
Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда
қауіп тууға жол бермеу үшін оны дайындаушы,
сервистік қызмет немесе баламалы білікті
маман ауыстыруы керек.
Аспапты өздігінен жөндеуге тыйым салынады.
Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-
келген ақаулықтар пайда болғанда, сонымен
қатар құрылғы құлағаннан кейін аспапты

Похожие устройства