Vitek VT-1364 Руководство по эксплуатации онлайн [13/24] 147582

Vitek VT-1364 Руководство по эксплуатации онлайн [13/24] 147582
13
ҚАЗАҚША
сөндіріңіз және кепілдеме талоны мен
www.vitek.ru сайтында көрсетілген байланысу
мекен-жайлары бойынша кез-келген рұқсаты
бар (өкілетті) қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Зақымдалуларға жол бермеу үшін құрылғыны
зауыт қаптамасында тасымалдаңыз.
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК
АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА
АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ІСКЕ ҚОАР АЛДЫНДА ШАШ
ҚЫРҚУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚТЫ
ПАЙДАЛАНУ
Құрылғыны қысқы (суық) температурада
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан кейін,
оны бөлмелік температурада кемінде үш
сағат уақыт бойы ұстау керек.
Аккумуляторлық батареяны қуаттандыру
Аккумулятор батареясының заряды толық болса
құрылғының үздіксіз жұмыс істеу уақыты шамамен
4 сағатты құрайды.
USB кабелінің қосқышын Type C (16) ұясына
(10) салыңыз. Кабельдің USB (16) екінші ұшын
қуаттау блогына (15) салыңыз.
Желілік адаптерді (15) электр розеткасына
салыңыз, осы ретте индикатор (8) қызыл
түспен жанады және цифрлық дисплейде (7)
аккумуляторлық батарея жинағының қалдық
заряды көк түспен көрсетіледі. «10» мәнінен
(аккумулятор зарядталған) «99» (аккумулятор
толық зарядталған) мәніне дейін.
Бірінші қолданар алдында аккумуляторлық
батареяны толық 3 сағат бойы зарядтаңыз.
Дисплейден (7) қорғаныс жапсырмасын шешіп
алыңыз.
Зарядтау кезінде цифрлық мән біртіндеп өзгеріп
отырады. Зарядтау аяқталғаннан кейін дисплей
цифрды «99» көрсетеді қуат көзі желіге қосылып
тұрған кезде, ол үнемі жанып тұрады.
Зарядтауды аяқтап, желілік адаптерді (15)
электр розеткасынан ажыратыңыз және желілік
адаптер сымын құрылғыдан ажыратыңыз. Осы
ретте индикатор (8) және цифрлық дисплей (7)
сөнеді.
Ескерту:
Егер дисплейде «10» мәні көрсетілетін
болса, бұл қуаттың («power left») қалдығы 10
пайыздан аспайтындығын және батареяны
зарядтау қажет екендігін білдіреді.
Аккумуляторлардың қуаттануын +5° C-тан
+35° C-қа дейінгі температурада жүргізіңіз.
Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
Егер сіз құрылғыны ұзақ уақыт қолданбасаңыз
(2 айдан астам), құрылғыны қолданар алдында
аккумуляторлық батареяны 3 сағат бойы
қуаттандыруға қойыңыз.
Майлағыш майы
Құрылғыны жұмыс күйінде ұстау үшін әрбір
қолданудан соң жүздерді (1) майлап отыру
қажет (сур.3).
Назар аударыңыз! Тек жеткізу жиынтығына
кіретін майлағыш майды (18) пайдаланыңыз.
Майлау үшін өсімдік майын, тоң майды,
еріткіштер қосылған майлар қоспасын
ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Еріткіштер булануға бейім, осыдан кейін қалған
қою май жылжымалы жүздің жылжу жылдамдығын
бәсеңдетуі мүмкін.
Кесілетін шаш биіктігін реттеу
Реттегішпен (2) жылжымалы жүзді жылжыту арқылы
кесілген шаштың биіктігін 1,0-ден 1,9 мм-ге дейін
реттеңіз. Реттеушінің (2) төрт күйі бар: I, II, III, IV.
Реттегішті оңға жылжытқан кезде – жылжымалы жүз
әр қадам бойынша 0,3 мм көтеріледі: алшақтықты
азайтып (1,9; 1,6; 1,3; 1,0 мм), осылайша, кесілген
шаштың биіктігін 1,9-дан 1,0 мм-ге дейін азайтыңыз. I
күйінің алшақтығы ең үлкен 1,9 мм.
Егер шаштың ұзындығын 4-тен 13 мм-ге дейін
орнату қажет болса, реттеуішті (2) IV (1,0 мм)
күйіне жылжытыңыз да, сәйкес саптаманы
орнатыңыз.
Машина шаш қиюға арналған саптаманың төрт
түрімен бірге келеді: 3 мм (11), 6 мм (12), 9 мм
(13) и 12 мм (14). Саптамаларда көрсетілген
мәндер кесілгеннен кейінгі шаштың қалған
ұзындығына сәйкес келеді.
Саптаманы (11-14) орнату үшін, триммердің
жүздерін (1), таңдалған саптамаға 11-14
салыңыз), саптаманы бекіткіші іске қосылғанға
дейін төмендетіңіз, осы ретте саптаманың
бекіткіші ойыққа (20) кірген кезде шертілуін
естисіз (сур. 1).
Саптаманы (11-14) шешіп алу үшбекіткіш
жағынан жоғары қарайін, бас бармағыңызбен
саптаманың төменгі жағына басыңыз және
бекіткіш жағынан жоғары қарай басыңыз және
саптаманы корпустан абайлап шешіп алыңыз.
Құрылғыны пайдалану
Аккумулятор батареясынан жұмыс істеу үшін
оны толық қуаттандырыңыз.
Шаш қырқудың алдында құрылғыны
батырмасымен (6) « » қосыңыз да, машина
іркіліссіз жұмыс жасайтындығына, ал жүздері
жүрісінің бірқалыптылығына көз жеткізіңіз.

Похожие устройства