Vitek VT-1364 Руководство по эксплуатации онлайн [14/24] 147582

Vitek VT-1364 Руководство по эксплуатации онлайн [14/24] 147582
14
ҚАЗАҚША
Жүздерде майлағыш май артып кеткенде, артық
майды құрғақ түксіз матаның көмегімен алып
тастаңыз.
Батырманы (6) « » басып, құрылғыны
қосыңыз.
Қырқылатын шаш ұзындығын 1,0-тен 1,9 мм-ге
дейін реттеуішпен (2) қойыңыз немесе
қондырманы (11-14) пайдаланыңыз.
Батырманы (6) « » басып, құүрлығыны
қосыңыз.
Құрылғымен жұмыс істеп болғаннан кейін,
батырманы (6)
« »
қайта басып, оны сөндіріңіз.
Ескерту:
Жұмыс кезіндегі үзілістерде құрылғыны үнемі
сөндіріп отырыңыз.
Қондырманы айырбастар алдында құрылғыны
сөндіріңіз. Желіден жұмыс жасап тұрған кезде
желілік адаптерді электр розеткасынан
суырып тастаңыз.
Шаш алу
Шаш алу кезінде шаш таза және құрғақ болуы
керек. Ылғал емес, құрғақ шашпен жұмыс
кезінде шаш алудың ең жақсы нәтижелеріне
жетуге болады.
Адамды оның басы сіздің көздеріңіздің
деңгейінде орналасатындай етіп отырғызыңыз,
адамның иығын орамалмен жауып қойыңыз,
тарақтың көмегімен шашты тараңыз.
Қырқуды әрқашан бастың желке тұсынан
бастаңыз.
Шашты өсу бағытына қарсы және өсу бағытына
қарай алуға болады, бірақ есіңізде болсын,
өсу бағытына қарсы алынған шаш өсу бағыты
бойынша алынған шаштан қысқарақ болады.
Біршама ұзын шаштарды қалдыру үшін, шаштың
тұтамдарын саусақтарыңыздың арасына қысып
алып, оларды машинкамен қырқыңыз.
Бір өткенде шаштың шағын мөлшерін қырқыңыз
– кейін қосымша қию үшін бұрын қиылған жерге
қайта оралуға болады.
Ұстараны қосу режимінде, ұстараның қуатын
арттыру үшін «Турбо» «Т» (5) түймесін басуға
болады, бұл режимді жағдайға байланысты
қолдануға болады. (5) «Турбо» «Т». Түймесі
басылып тұрғанда, «Турбо» (9) режимі
индикаторы қызыл түспен жанып тұрады.
Тегіс емес шаш тарамын табу үшін шашты
тарақпен тараңыз.
Шаш тұтамдарын тарақпен (19) көтеріңкіреп,
оны тарақтың үстінен қиып отыруға болады.
Қайшыны шашты түзету үшін пайдаланыңыз.
Уақыт өте келе сіз өзбетіңізше қажет шаш
үлгілерін жасауға үйренесіз.
ШАШ ҮЛГІСІН ЖАСАУ
Бірінші қадам
Қондырманы (11) «3 мм» немесе (12) «6 мм» етіп
орнатыңыз. Қуаттандыру (6) сөндіргішіне басып,
құрылғыны сөндіріңіз « ». Құрылғының жүздерін
жоғары қаратып ұстаңыз. Қиюды шаштың өсіп келе
жатқан жағынан бастаңыз. Құрылғыны ақырындап
жоғары қарай жылжытыңыз. Бастың артқы
жағының астындағы және құлақтың маңындағы
шаштарды қиыңыз.
Екінші қадам
Қуат қосқышын (6) « » қайта басу арқылы,
құрылғыны ажыратыңыз. Саптаманы (13) «9 мм»
немесе (14) «12 мм» орнатыңыз. Құрылғыны
қосыңыз және шашты төбеге жақын жерде қырқуды
жалғастырыңыз.
3 қадам– самай аумағындағы шашты алу
Құрылғыны ажыратыңыз, саптаманы (11) «3 мм»
немесе (12) «6 мм» орнатыңыз. Самайдағы шашты
қиыңыз. Содан кейін (13) «9 мм» немесе (14) «12
мм» саптамасымен шаш қиюды бастың жоғарғы
жағына қарай жалғастырыңыз.
4 қадам – төбе шашты алу
Саптамамен (13) «9 мм» немесе (14) «12 мм»
шашты бастың жоғарғы жағынан төбесіне қарай,
шаштың өсу бағытына қарсы қиыңыз.
5 қадам – қорытынды бөлім
Қондырманы алып тастаңыз, құрылғының жүзін
шашқа қарай бұрып, самай және мойындағы
шашты мұқият тегістеңіз. Құрылғыны қатты
баспаңыз, ашық жүздердің терімен түйісуі кесіп
кету және жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Конус тәріздес шаш алу
Қажетті қондырманы (11-14) орнатыңыз және
шашты бастың артқы жағынан төбесіне қарай
қырқуды бастаңыз. Шашты бастың алдыңғы
бөлігінде төбеге қарайғы бағытта және екі жағынан
олардың өсуіне кері бағытта алыңыз. Төбесі жалпақ
шаш үлгісін алу үшін тарақты пайдаланыңыз: шаш
тұтамдарын көтеріңкіреп отырып тарақ бойымен
қырқыңыз. Тегіс емес тұтамдарды табу үшін шашты
тарақпен тараңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құрылғыны қолданып болған соң сөндіріңіз.
Корпустан қондырманы (11-14) шешіп алыңыз,
қондырмалардың (11-14) сыртқы және ішкі
беттерінен шаш қалдықтарын қылшақпен (17)
тазалап тастаңыз (сур. 2).
Сіз қондырмаларды (11-14) жалы су ағынының
астында жуа аласыз, сосын оларды сүртіңіз де,
кептіріңіз.
Корпусты жұмсақ, аздап дымқыл матамен
сүртіңіз. Машина корпусын, желілік адаптерді
және оның сымын суға және басқа да
сұйықтықтарға салмаңыз.
Корпус пен қондырмаларды тазалау үшін
еріткіштерді немесе абразивтік тазалау
құралдарын қолдануға тыйым салынады.

Похожие устройства