Polaris PWK 1756С Moon Руководство по эксплуатации онлайн [26/36] 347049

Polaris PWK 1756С Moon Руководство по эксплуатации онлайн [26/36] 347049
26
4. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
1. Құрастырып жиналған құрылғы:
шәйнек және оның электрмен қоректендіру түпқояры 1 дана.
2. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана.
3. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 1 дана.
4. Кепілдік талоны 1 дана.
5. Құрылғының орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) 1 дана.
5. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
Алғаш рет пайдаланар алдында құрылғының қаптама қорабын ашып, құрылғыны абайлап
алып шығарыңыз, содан кейін оның сыртынан және ішінен барлық орама материалдарын
алыңыз, сонымен қатар құрылғының сыртқы бетінен барлық жарнамаға қатысты
жапсырмаларды алып тастаңыз.
Құрылғының электрмен қоректендіру түпқоярын біртегіс, жазық, таза, қызуға қарсы бетке
орнатып қойыңыз.
Шәйнекке су құйып, оны бірнеше рет суық сумен шайып жіберіңіз.
Шәйнекті оның электрмен қоректендіру түпқоярына орнатып қойыңыз.
Бірінші рет қайнатып алған суды ішпеңіз, шәйнектің ішін тазарту үшін оның ішіне екі-
үш мәрте су құйып, содан кейін сол екі -үш мәрте құйылған суды 2 немесе 3 рет қайнатып
алуға, содан кейін сол екі -үш мәрте қайнатып алған суды төгіп тастауға кеңес беріледі.
Сүзгіні орнату
Шәйнектің қақпағын ашыңыз да, шүмек жағында сүзгінің орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Сүзгінің дұрыс орнатылып, мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер сүзгіш орнатылмаған болса, оны шәйнектің шүмегіне құралдың мойын жағынан
өткізіп орнатыңыз, ол үшін сүзгішті шәйнектің шүмегіне қарама қарсы, құрылғының
сыртқы бөлігінің жоғарғы жиегінің астына төменгі бөлігімен орнатыңыз, содан кейін оның
жоғарғы бөлігін ұстап тұрып, орнатылатын орынға мықтап, сырт еткен дыбыс
естілмейінше бекіту үшін сүзгіні шүмектің бағына қарай басыңыз. Сүзгінің дұрыс
орнатылып, мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғының қақпағын жабыңыз.
Сүзгі әрдайым бекітулі қалпында болуы қажет әрі шүмекке қарама-қарсы орнатылуы
тиіс. Сүзгіштің шәйнектің шүмегінде мықтап бекітілгендігін әркез тексеріңіз. Сізге бұл
жағдайды әрдайым қадағалап отыру қажет.
6. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
1. Шәйнекті суық сумен толтырыңыз.
Шәйнекке су толтырмас бұрын, оны түпқоярдан алыңыз.
Ішуге жарамды салқын суды шәйнекке шүмек арқылы немесе шәйнектің аузы арқылы
құйыңыз, судың деңгейі max белгісінен асыра және min белгісінен төмен болмауы қажет.
2. Шәйнекті іске қосу.
1
Скачать