Polaris PWK 1756С Moon Руководство по эксплуатации онлайн [27/36] 347049

Polaris PWK 1756С Moon Руководство по эксплуатации онлайн [27/36] 347049
27
Қуатты ажыратып қосатын ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ ауыстырғыш-қосқыш тетігінің пернесін
(клавишасын) басу арқылы шәйнекті іске қосыңыз. Осы сәтте құрылғының сыртқы
корпусында орналасқан ауыстырғыш-қосқыш тетігіндегі индекаторлық шамы жанады.
Сонымен суды қайнату үдерісі басталады.
Назар аударыңыздар!
Суы жоқ шәйнекті іске қосуға мүлдем болмайды. Суы жоқ шәйнекті кездейсоқ түрде
байқамай қосқан жағдайда, оның күйіп кетуден сақтандыру жүйесі іске қосылады да,
шәйнектің қызу үдерісі тоқтатылады, сонымен қатар, құрылғыдағы қуатты ажыратып
қосатын ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ ауыстырғыш-қосқыш тетігі автоматты түрде СӨНДІРУ
қалпына оралып, сол СӨНДІРУ күйінде тұрады. Шәйнекті одан әрі пайдалану үшін, оны
тұпқоярдан алыңыз, содан оны суық сумен толтырмас бұрын, 30 минут бойы, ол суығанша
күте тұрыңыз, содан кейін оны суық сумен толтырыңыз.
3. Шәйнекті сөндіру.
Су қайнаған кезде шәйнек автоматты түрде сөнеді. Сол сәтте құрылғының сыртқы
корпусында орналасқан ауыстырғыш-қосқыш тетігіндегі индекаторлық шамы да сөнеді.
Қажет болған жағдайда Сіз құрылғыдағы қуатты ажыратып қосатын ІСКЕ
ҚОСУ/СӨНДІРУ ауыстырғыш-қосқыш тетігінің пернесін (клавишасын) жоғары қарай,
сөндіру қалпына орнатып, шәйнекті қолмен сөндіре аласыз.
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз.
Назар аударыңыздар!
Шәйнекті түпқоярдан алмас бұрын оның сөнгеніне көз жеткізіңіз, ол сөнбегенше оны
тұпқоярдан алмаңыз.
Шәйнектің қақпағы толығымен жабылмаған немесе ашық қүйінде болса шәйнектің
автоматты сөнуі іске қосылмайды.
Суды шәйнектен ақырындап, абайлап құйыңыз. Шәйнектің ішінде ыстық судың барын
есіңізде сақтаңыз.
Шәйнекті тек қана тұтқасынан ұстаңыз.
Шәйнекті сөндірген соң, 15-20 секунд өткеннен кейін, яғни құрылғы суып болған соң,
шәйнекті қайтадан пайдалануға болады.
7. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Шәйнектің тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымның
штепсельдік айыртетігін электрлік қоректену желісіне жалғастырмас бұрын,
алдымен сіздің электр желідегі қолданылатын кернеудің электрлік
параметрлері бұйымдағы әйнектің және тұпқоярдың түбі жағында
орналасқан) арнайы техникалық кестесінде көрсетілген электр параметрлеріне
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Шәйнекті оның электрмен қоректендіру түпқоярына орнатып қойыңыз.
Шәйнектің қоректендіру түпқоярына, оның электр жалғауына және электр
қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Шәйнектің тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымның штепсельдік
айыртетігін ашалы розеткаға жалғастырып қосыңыз.
Скачать