Polaris PWK 1756С Moon Руководство по эксплуатации онлайн [28/36] 347049

Polaris PWK 1756С Moon Руководство по эксплуатации онлайн [28/36] 347049
28
1. Шәйнекті тазартпас бұрын, оны әрдайым сөндіріп, оның тұпқоярындағы қуат беретін
электрлі желілік баусымның штепсельдік айыртетігі жалғасып тұрған электрлік қоректену
желісінен ажыралып тұрғандығына көз жеткізіңіз және ол суығанша күте тұрыңыз.
2. Шәйнектің сыртын сәл ғана дымқыл шүберекпен сүртіп шығыңыз.
Шәйнекті және оның электрмен қоректендіру түпқоярын, сондай-ақ,
тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымын, сонымен қатар электрлі
желілік баусымның штепсельдік айыртетігін ешбір жағдайда суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырып салмаңыз.
3. Қақтан тазарту.
Шәйнектің ішкі қабырғаларында және түбінде қақ және тұнба түзілуі мүмкін, қақтың
түзілуі судың қаттылығына байланысты, бұл судың құрамында түз болғандықтан орын
алады. Қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз, дер кезінде
тазарту қажет. Қақ құралдың жұмысы барысында аздаған шу туғызып, қайнау барысында
ұлғаюы мүмкін.
Құрылғылда қақ түзілген кезде су ұзағырақ қайнайды, сонымен қатар егер сіздің
шәйнегіңіз су қайнағанға дейін сөніп қалатын болса, бұл, шәйнекті қақтан тазарту
керектігін білдіреді. Қақтың пайда болуы судың қаттылығына байланысты. Шәйнекті
қақтан жүйелі түрде, мүмкіндігінше айына 1 рет тазартып тұрыңыз. Сіздің шәйнегіңізді
қақтан тазарту үшін лимон қышқылының ерітіндісін пайдалануға болады:
25гр. Лимон қышқылын 0,5л. ыстық сумен араластырыңыз.
Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз.
15 минутқа қалдырыңыз.
Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Сіздің шәйнегіңізді тазарту үшін сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады.
Бұл үшін судың 2/3 бөлігін және 6% сіркесудың 1/3 бөлігін араластырыңыз.
Осы қоспаны қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз, 2 3 рет
қайнатыңыз да, қайнату кезеңдерінің аралығында 20 минуттық үзіліс жасап, қайнатуды
қайталаңыз.
Шәйнекті таза, салқын сумен екі-үш мәрте шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Сондай-ақ, Сіз құралдағы тот баспайтын болаттан жасалған қыздырғыш элементі бар темір
шәйнектерді қақтан тазартуға арналған арнайы құралдарды пайдалана аласыз. Тазарту
құралдарының қаптамасындағы дайындаушының нұсқауларын басшылыққа ала отырып,
оның нұсқаулығы бойынша қарастырылған барлық ережелерін қолданыңыз.
Назар аударыңыздар!
Шәйнектің ішкі және сыртқы жағын тазарту үшін агрессивті және абразивті заттары бар
жуғыш не тазартқыш құрылғыларды ешқашан пайдаланбаңыз.
Шәйнекті қақтан тазартуға арналған ұнтақтарды пайдалану барысында суды әркез ұнтақ
өндірушісінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. Бұл қақтан тазартуға арналған арнайы
құралдарды сусыз пайдалануға болмайды.
Барлық әрекеттерді, яғни суды құю/төгу/ тазартып, шаю үдерістерін тек шәйнектің
тұпқоярындағы қуат беретін электрлі желілік баусымның штепсельдік айыртетігі электрлік
қоректену желіден ажыратылып тұрған болса ғана орындау қажет.
4. Сүзгіні тазарту.
Шәйнектің қоректендіру тұпқоярын, яғни шәйнектің тұпқоярындағы қуат беретін электрлі
желілік баусымның штепсельдік айыртетігін электрлік қоректену желіден ажыратыңыз,
Скачать