Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 — электр құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулық [34/64]

Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 Руководство по эксплуатации онлайн [34/64] 646090
34
1. ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бұл электр құралы тұрмыстық және
соған ұқсас мақсатта қолдануға
арналған, мысалы:
Дүкендердегі, кеңселердегі
қызметкерлерге арналған ас үй
жайлары және басқа да жұмыс
үй-жайлары;
Қала сыртындағы үйлер;
Клиенттердің қонақ үйлерде,
мотельдерде, басқа тұрғын үй-
жайларда пайдалануы;
«Төсек және таңғы ас» түріндегі
қонақ үйлерде.
Бұл электр құралын тұрмыстық емес
мақсатта қолдану үшін пайдалану,
мысалы, мамандардың немесе
дайындықтан өткен пайдаланушы-
лардың қатысуымен коммерциялық
қолдану үшін пайдалануға тыйым
салынады. Бұл электр құралын үй
жағдайынан басқа мақсатта қолдану
үшін пайдаланғанда, электр құра-
лының қызмет ету мерзімі қысқаруы,
сондай-ақ өндіруші кепілдігінің күші
жойылуы мүмкін. Өндіруші электр
құралының үй немесе тұрмыстық
емес (тіпті ол тұрғын үйде немесе
тұрмыстық үй-жайда орнатылған
болса да) қолданыс үшін пайда-
ланылуына байланысты электр құра-
лынан туындаған кез келген зақым
немесе басқа да зақымдар не шы-
ғындар үшін заң бойынша жауапты
болмайды.
Бұл электр құралын 8 жастан асқан
балалар және физикалық немесе
ақыл-ой қабілеттері шектеулі,
сондай-ақ жеткілікті тәжірибесі мен
білімі жоқ адамдар (егер олардың
іс-әрекеттерін жауапты адам бақы-
ласа немесе осы адамдар электр
құралын қауіпсіз пайдалануға қа-
тысты нұсқау алған болса және
оның жұмысына байланысты қауіп-
терді түсінетін болса) пайдалана
алады.
Балалардың электр құралымен
ойнауына жол бермеңіз. Балалар
тазалау және қызмет көрсету
жұмыстарын ересектердің бақы-
лауынсыз орындамауы керек.
Балалардың электр құралымен
ойнамауын қадағалаңыз.
3 жасқа толмаған балаларды маши-
наның жанында қалдырмау керек
немесе үнемі ересектердің бақы-
лауында болуы керек.
Егер қуат сымы зақымдалған болса,
оны өндіруші немесе оның қызмет
көрсету өкілі жеткізетін жинақтағы
арнайы сым немесе қуат сымының
түйінімен ауыстыру керек.
Тек электр құралымен бірге жеткі-
зілетін құбыршектерді пайдалану
керек. (Ескі құбыршектерді пайда-
ланбаңыз).
Судың қысымы 0,05-0,8 МПа ара-
лығында болуы керек.
Машина негізінің астында кілем жоқ
екеніне және оның машинаның
желдету саңылауларын жауып тұр-
мағанына көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш-кептіргіштің жұмыс цик-
лінің соңғы бөлігі жуылған заттарға
зақым келтірмеу үшін жылытусыз
(салқындату циклі) орындалады.

Электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері мен нұсқауларын біліп алыңыз. Балалардың қауіпсіздігі мен құралдың дұрыс қолданылуы туралы ақпарат.

Скачать