Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 — кір жуғыш-кептіргіш машинаны қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулық [35/64]

Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 Руководство по эксплуатации онлайн [35/64] 646090
35
Электр құрал электр розеткасына
еркін қол жеткізу қамтамасыз
етілетіндей орнатылуы керек.
Машина құлпы бар есіктің, жыл-
жымалы есіктің немесе ілмектері
машина жақта орналасқан есіктің
жанына орнатылмауы тиіс, әйтпесе
машина есігінің толық ашылуына
кедергі келеді.
Құрғақ кірдің максималды жүктемесі
қолданылатын модельге байла-
нысты (басқару тақтасын қараңыз).
Машинада өнеркәсіптік жуғыш
құралдарды қолдануға болмайды.
Жуылмаған заттарды кір жуғыш-
кептіргіш машинада кептірмеңіз.
Кір жуғыш-кептіргіш машинада
кептіру алдында: тағамдық май,
ацетон, этил спирті, бензин,
керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,
балауыз және балауыз кетіргіштер
сияқты заттармен ластанған зат-
тарды қолмен, қосымша жуғыш
құралды пайдаланып ыстық сумен
жуу керек.
Кір жуғыш-кептіргіш машинада
кеуекті резеңкеден (латексті көбік
резеңкеден) жасалған заттарды,
душқа арналған қалпақтарды, су
өткізбейтін маталарды, резеңке
төсемі бар заттарды, сондай-ақ
кеуекті резеңкеден жасалған киім-
дерді немесе бұйымдарды кепті-
руге болмайды.
Мата жұмсартқыштар мен оларға
ұқсас заттарды мата жұмсартқыш
өндірушісінің нұсқауларында көрсе-
тілгендей пайдалану керек.
Мұнай өнімдерімен ластанған зат-
тар кір жуғыш-кептіргіш машина
сияқты жылу көздерінің әсерінен
тұтануы мүмкін. Заттар қызып, мұ-
най өнімдерінің тотығуына әкеледі.
Тотығу кезінде жылу бөлінеді. Егер
жылу бөлінбесе, онда заттар
жоғары температураға дейін қызып,
өртенуі мүмкін. Мұнай өнімдерімен
ластанған заттарды үйіп қою және
оларды сақтау жылу бөліну про-
цесінің бұзылуына әкелуі мүмкін,
бұл өз кезегінде олардың өртенуіне
әкелуі мүмкін.
Егер заттар өсімдік майымен,
тағамдық маймен немесе шаш
күтімі құралдарымен ластанған
болса, мұндай заттарды машинаға
салар алдында қосымша жуғыш
құрал қосылған ыстық суда қолмен
жуу керек. Бұл өрт қаупін азайтқа-
нымен, оны толығымен жоймайды.
ЕСКЕРТУ:
Барлық кір машинадан тез
алынбайтын болса және жылу
сейілмеген болса, кептіру циклі
аяқталғанға дейін кір жуғыш-
кептіргіш машинаны ешқашан
тоқтатпаңыз.
KZ

Кір жуғыш-кептіргіш машинаны пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Ластанған заттарды қалай дұрыс жуу және кептіру керектігін біліңіз.

Скачать