Scarlett SC-GS135S20 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902374

Scarlett SC-GS135S20 Инструкция по эксплуатации онлайн [7/8] 902374
IM024
www.scarlett.ru SC-GS135S20
7
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Құралды қоректену жүйесінен сөндіргенде қолмен шаңышқыны ұстаңыз, қоректену бауынан
тартпаңыз.
Электр тоғының ұруына және жануға тап болмау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз. Егер бұл жағдай болса, бұйымды ҰСТАМАҢЫЗ, оны электр жүйесінен дереу
сөндіріп тастаңыз және сервис орталығына тексертіңіз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы
сервис орталығына апарыңыз.
Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адам қадағаламаса немесе аспапты пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл
аспапты қолдануына болмайды.
Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеттері шектеулі немесе тәжірибе мен білімі жоқ адамдар, егер олар құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқау алса және онымен байланысты қауіптерді түсінсе, қолдана алады.
Балалар құрылғыны тазалау мен қызмет көрсетуді қараусыз жүргізбеуі тиіс.
Қоректену бауы не шаңышқысы зақымдалған, құлап түскен немесе басқа зақымдары бар
құралды қолданбаңыз. Электр тоғының ұруына тап болмау үшін өздігінен талдауға және
жөндеуге талпынбаңыз, қажет болса сервис орталығына барыңыз.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
ЕСКЕРТУ! Сауытқа суды тек аспап электр желісінен ажыратулы тұрғанда ғана құйыңыз.
ЕСКЕРТУ! Күйіп қалмас үшін қондырманы тек аспап жұмыс істемей тұрғанда және суығанда
орнату керек.
ЕСКЕРТУ! бумен тегістегіш аспап температурасы жоғары бу шығарады, бумен тегістегіштің
жоғарғы жағын қолмен ұстамаңыз, бумен тегістеу кезінде бу шығатын саңылаулардың өзіңізге
бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ! Тесіктерден шығатын ыстық буға күйіп қалуды болдырмас үшін булау кезінде аспапты
денеден алшақ ұстаңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» жасап шығарылған айы, келесі
төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
ДАЙЫНДАУ
Су құятын сауытты бекітетін батырманы басу арқылы сауытты ағытып алыңыз.
Су құятын сауытқа ең үлкен деген белгіден асырмай су құйыңыз. Сауытты орнына салыңыз.
ЕСКЕРТУ! Сауытқа суды тек аспап электр желісінен ажыратулы тұрғанда ғана құйыңыз.
Өте жақсы нәтижеге жету үшін бумен тегістеудің алдында матаның үстінен масатымен қапталған
арнайы қондырмамен жүргізіңіз. Аталған қондырма матадан түрлі ұсақ бөлшектерді, жіпті,
шыңды кетіруге өте қолайлы. Қондырманы сондай-ақ бумен тегістегеннен кейін де пайдалануға
болады.
Аспапты тік қалпында ұстап тұрып бір қолыңызға алыңыз да, екінші қолыңызбен аспапқа
қондырмалардың бірін кигізіп, сырт еткенге дейін бекітіңіз. Қондырманы алу үшін өзіңізге қарай
тартыңыз.
ЕСКЕРТУ! Күйіп қалмас үшін қондырманы тек аспап жұмыс істемей тұрғанда және суығанда
орнату керек.
Аспапты электр желісіне жалғаңыз, осы іске қосу түймесін басыңыз, бұл орайда жарық
индикаторы жыпылықтай бастайды.
Индикатор жыпылықтауын қойған кезде, бумен тегістеуге кірісуге болады.
БУМЕН ТЕГІСТЕУ
Қолмен басқарылатын бумен тегістегіш аспапты пайдалану оңай және ол киімдегі, перделердегі,
сондай-ақ жиһаздағы қатпарларды жазу үшін тамаша жарайды.
Аспапты матаның барлық түрлеріне, зауыттық затбелгіге сәйкес пайдалануға болады.
Мақта мен зығырды немесе жүн мата мен жібекті таңдау үшін басқару тақтасындағы тиісті
түймені басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Металл әшекейлердің айналасындағы матаны бумен тегістемеген дұрыс.
Бу шығаратын батырманы басып ұстап тұрыңыз. Ыстық бу 25 секундтан кейін беріле бастайды.
Бу үздіксіз берілуі үшін бу беретін батырманы басыңыз да, сырғытыңыз.
Асып төгілуден қорғау – аспап оңтайлы қызған күйге жетпейінше, сорғы су беруді бастамайды.
Скачать