Scarlett SC-GS135S20 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/8] 902374

Scarlett SC-GS135S20 Инструкция по эксплуатации онлайн [8/8] 902374
IM024
www.scarlett.ru SC-GS135S20
8
Бумен тегістегішті матаға 5 см-ден аспайтын жерден жақындатыңыз да, жоғары-төмен
қозғалтыңыз.
Бумен тегістеу кезінде дырылді сезесіз және ызылдаған жіңішке дыбысты естисіз.
Бу берілуін тоқтату үшін бу шығаратын батырманы босатыңыз.
ЕСКЕРТУ: бумен тегістегіш аспап температурасы жоғары бу шығарады, бумен тегістегіштің
жоғарғы жағын қолмен ұстамаңыз, бумен тегістеу кезінде бу шығатын саңылаулардың өзіңізге
бағытталмағанына көз жеткізіңіз.
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ
Іске қосу түймесін басу арқылы аспапты өшіріңіз
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Су құятын сауытты ағытып алыңыз да, суды шұңғылшаға төгіңіз.
КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
Бумен тегістегіш аспаптан шөткені шешіп алыңыз.
Сыртқы жағын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Жеміргіш немесе түрпілі тазартқыш заттарды немесе еріткіштерді қолдануға болмайды.
Бумен тегістегіш аспапты суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа салмаңыз.
Аспапты жылу көздеріне жақын жерде немесе күн сәулесі тура түсетін жерлерде сақтауға
болмайды.
Бу шығатын саңылаулардың таза екенін әрқашан тексеріп тұрыңыз.
ҚАҚТАН ТАЗАРТУ
Аспаптың ішінде қақ түзілуіне жол бермеу үшін дистилденген немесе тұздардан тазартылған
суды пайдаланған жөн.
Жай суды пайдаланған жағдайда, уақыт өте келе бумен тегістегіштің негізгі тораптары мен
бөлшектерінде қақ түзіледі. Бумен тегістегішті қақтан тазарту процедурасын ай сайын жүргізіп
отыруды ұсынамыз.
50% сірке су мен 50% судан ерітінді дайындаңыз.
Ерітіндіні сауытқа ақырындап құйыңыз.
Ерітінді қолданылатын жұмыс циклын іске асырыңыз (киімдерге емес). Қажет болған жағдайда
тағы бір циклды іске асырыңыз.
Содан кейін сауытты ағын суға жуыңыз. Сауытқа таза су құйыңыз да, бір жұмыс циклын
орындаңыз. Бумен тегістегіш қайтадан жұмысқа дайын.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік
және электрондық бұйымдар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек дегенді
білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.
Қалдықтарды жинау жүйелері туралы қосымша мәліметтер алу үшін жергілікті басқару
органдарына хабарласыңыз.
Қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бағалы ресурстарды сақтауға және қалдықтарды дұрыс
шығармау салдарынан адамның денсаулығына және қоршаған ортаға келетін теріс әсерлердің
алдын алуға көмектеседі.
www.scarlett.ru
www.scarlett-europe.com
Скачать