LG OPTIMUS L3 II DUAL (E435) [275/452] Желілерге және құрылғыларға қосылу

LG OPTIMUS L3 II DUAL (E435) [275/452] Желілерге және құрылғыларға қосылу
43
Google есептік жазбасын орнату
Телефонды алғаш қосқанда желіні іске қосу, Google есептік жазбасына
кіру және кейбір Google қызметтерін пайдалану жолын таңдау мүмкіндігі
бар.
Google есептік жазбасын орнату үшін:
Нұсқау берілген орнату экранынан Google есептік жазбасына кіріңіз.
НЕМЕСЕ
Жаңа есептік жазба жасау үшін > Қосымшалар қойындысын
түртіңіз > Google қолданбасын, мысалы, Gmail таңдаңыз > Жаңа
пәрменін таңдаңыз.
Google есептік жазбаңыз бар болса, Existing (Бар) тармағын түртіп,
электрондық пошта мекенжайын және кілтсөзді енгізіңіз, содан кейін
опциясын түртіңіз.
Телефонда Google есептік жазбасын орнатқаннан кейін, телефоныңыз
автоматты түрде интернеттегі Google есептік жазбасымен
синхрондалады.
Контактілер, Gmail хабарлары, күнтізбе оқиғалары және Интернеттегі
осы қолданбалар мен қызметтердің басқа мәліметтері телефонмен
синхрондалады. (Бұл синхрондау параметрлеріне байланысты.)
Жүйеге кіргеннен кейін Gmail™ қолданбасын пайдаланып, телефондағы
Google қызметтерінің артықшылықтарын қолдануға болады.
Желілерге және құрылғыларға қосылу
Wi-Fi
Wi-Fi арқылы сымсыз кіру нүктесінің (AP) аясында жоғары жылдамдықты
интернетті пайдалануға болады. Қосымша ақысыз Wi-Fi желісінде
Интернетті пайдаланыңыз.
Wi-Fi желілеріне қосылу
Телефонды Wi-Fi желісін пайдалану үшін сымсыз ену нүктесіне немесе
«хотспотқа» кіруіңіз керек. Кейбір кіру нүктелері ашық және оларға
оңай қосылуға болады. Кейбіреулері жасырын немесе қауіпсіздік
мүмкіндіктерін пайдаланады. Оларға қосылу үшін телефон параметрлерін
реттеу керек.
Батареяның жұмыс мерзімін ұзарту үшін, пайдаланбаған кезде Wi-Fi
мүмкіндігін өшіріп қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: егер Wi-Fi аймағынан тыс болсаңыз немесе Wi-Fi функциясын
ӨШІРУЛІ күйіне орнатсаңыз, мобильді оператор мобильді деректерді
пайдалану үшін қосымша ақы алуы мүмкін.
Wi-Fi қызметін қосу және Wi-Fi желісіне қосылу
СЫМСЫЗ ЖӘНЕ ЖЕЛІЛЕР ішінде > Қосымшалар қойындысын
түртіңіз > Параметрлер > Wi-Fi тармағына өтіңіз.
Wi-Fi белгішесін түрту арқылы ҚОСУЛЫ күйіне орнатып, бар Wi-Fi
желілерін іздеуді бастаңыз.
Белсенді және ауқымдағы Wi-Fi желілерін көру үшін Wi-Fi мәзірін
қайтадан түртіңіз.
Қауіпсіз желілерде құлып белгішесі тұрады.
Қосылу үшін, желіні түртіңіз.
Егер желі қорғалған болса, кілтсөзді немесе басқа мәліметтерді енгізу
сұралады. (Толығырақ мәліметтерді желі әкімшісінен сұраңыз)
Күй жолағы Wi-Fi күйін білдіретін белгішелерді көрсетеді.
1
2
3
4
5

Содержание

Похожие устройства