Texet TF-816 Gold [46/54] Microusb кабель дана 6 қб пульті дана 7 кепілдік талоны экз

45
5. microUSB-кабель ............................................................................1 дана
6. ҚБ пульті .........................................................................................1 дана
7. Кепілдік талоны ................................................................................1 экз.
ФОТО ЖАҚТАУДЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
Фотожақтауды температуралардың сындарлы өзгерістерінің (35°С-
ден жоғары және 5°С-ден төмен), ылғал мен статикалық электрдің әсер
ету аймақтарынан аулақта ұстаған жөн.
Фотожақтауды тек қатты, тегіс және қозғалмайтын бетке орнатыңыз,
бұл құрылғының құлауының алдын алуға мүмкіндік береді.
Фотожақтау ажыратқыштарына бөгде заттарды түсірмеңіз, оған
ауыр заттар қоймаңыз және құрылғының химикаттарға жанасуына жол
бермеңіз.
Дисплей мен фотожақтаудың пластик элементтеріне спирті мен
аммиагы бар сұйықтық бүрікпеңіз.
Фотожақтауды тура түскен күн сәулелері мен жылу шығаратын
құрылғылар әсер ететін аумақтарға қоймаңыз, бұйымды шаң немесе түтін
шыққан ортаға қоймаңыз.
Фотожақтауды өздігіңізден ашпаңыз, жөндемеңіз.
Фотожақтауға қосылатын жинақтағыштардың жадысында сақталатын
файлдар көшірмелерін жасап отырыңыз, сондықтан біздің компаниямыз
осындай деректердің кез келген жоғалуы үшін жауап бермейді.
Қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сізден орау материалдарын,
батареялар мен жарамсыз электрондық өнімдерді жеке пайдаға асыруды
сұраймыз.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ, ҚУАТТЫ ҚОСУ ЖӘНЕ ӨШІРУ
Фотожақтауды алғаш қосар алдында фотожақтауды жұмысқа дайындау
бойынша әрекеттер бірізділігімен танысыңыз:
• Фотожақтауды орамнан шығарып, дисплейден қорғаныс үлдірін алып
тастаңыз.
Желілік адаптерді алдымен фотожақтауға, содан кейін электр
қоректендіру желісіне, суретте көрсетілгендей қосыңыз. Желілік адаптер
оңай қосылады және электр қоректендіру желісінен ажыратылады.
Жақтау автоматты түрде қосылады. Дисплейде қалқыма бет, содан
кейін бас мәзір көрінеді. Фотожақтау қосулы және жұмысқа дайын.
“Опциялар” - “Жалпы теңшелімдер” - “Қосу режимі” мәзірінің
тармағында фотожақтауды қосу режимін орнатуға болады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Нужен драйвер для Тexet tf-816.
7 лет назад