Haier CFE633CW [86/94] Мұздатқыш бөлім ерекшеліктері

Haier CFL633CA [86/94] Мұздатқыш бөлім ерекшеліктері
38
Мұздатқыш бөлім әлден мұздатылған өнімдерді сақтауға,
аз мөлшердегі өнімді мұздатуға және мұз бен балмұздақ
дайындауға арналған.
Маңызды!
-18° С температура азық-түлікті ұзақ уақытқа
мұздатып, сақтау үшін қажет. Осы температурада
микроорганизмдер әрекеті тоқтайды.
Температура -10° С-тан көтеріле бере
микроорганизмдер әрекеті белсенеді, бұл
– азық-түліктің жылдам бұзылуына алып келеді.
Сондықтан егер азық-түліктер жібітілген болса,
микроорганизмдердің зиянды әсерін болдырмас үшін,
оларды тек дайындағаннан кейін ғана қайта мұздатуға
болады.
Азық-түлікті мұздату жөніндегі кейбір
ұсыныстар
мұздатылған азықты сақтау үшін сатушы оны дұрыс
орағанына көз жеткізіңіз;
біз Сізге мұздатқыш бөлім есігін мүмкіндігінше сирек
ашуды және оны ашық күйде мейлінше аз ұстауды
ұсынамыз;
біз тек жоғары сапалы әрі балғын азықтарды және мұқият
жуылып, құрғатылған күйде мұздатуды ұсынамыз;
мұздатқыш бөлімнің ең суық бөлігі төменгі жәшігі,
сондықтан біз мұздатылатын азықтарды осы орынға
салуды ұсынамыз;
азықтарды сақтау температурасы -18° С-тан төмен
болмауы керек не осыған тең болуы тиіс.
техникалық сипаттамалар кестесінде 24 сағат ішінде
мұздатуға болатын балғын азық-түліктің максималды
мөлшері көрсетілген (бұл мұздатқыш камера
жұмысының өнімділігі).
мұздатылған азықтарды азғантай үлестермен қорғаныс
пленкасында сақтау керек.
Мұздатқыш бөлім ерекшеліктері

Содержание