Haier HB21FNN [67/77] Жұмыс режимдері

Haier HB21FNN [67/77] Жұмыс режимдері
27
Жұмыс режимдері
Мұзды жылдам әзірлеу
Мұз әзірлеу үшін Сіз мұзды жылдам әзірлеу режимін
пайдалана аласыз. Lock режимінде жылдам мұздату
түймешігін (суретте F деп белгіленген) басыңыз,
сонда «Мұзды жылдам әзірлеу» белгісі (суретте М деп
белгіленген) көрінеді. Белгі ойналады да, мұзды жылдам
әзірлеу функциясы белсендіріледі. Бұл функцияны
өшіру үшін, жылдам мұздату түймешігін (суретте F
деп белгіленген) басыңыз. Қайтадан белгі ойналады
да, «Мұзды жылдам әзірлеу» белгісі (суретте М деп
белгіленген) өшеді.
Тоңазытқыш есігінің тығыз жабылмағанын
хабарлау функциясы
Егер есік ұзақ ашық тұрса немесе тығыз жабылмаса,
дыбыстық белгі есік дұрыс жабылмайынша, жұмыс істеп
тұрады.
Мұз әзірлеу құрылғысын қосу және өшіру
Мұз әзірлеу құрылғысы тоңазытқышты электр желісіне
қосумен бірге белсендіріледі. Бұл уақытта мұз әзірлеу
құрылғысын өшіру белгісі (суретте J деп белгіленген)
жанбайды. Егер сол сәтте мұз әзірлеу құрылғысы Сізге
қажет болмаса, оны өшіру үшін ON/OFF түймешігін
(суретте D деп белгіленген) басыңыз. Мұз әзірлеу
құрылғысын өшіру белгісі (суретте J деп белгіленген)
көрінеді.
Ақпараттық дисплейдің үнемді жану
функциясы
Басқару панелімен операциялар аяқталғаннан соң,
ақпараттық дисплей түймешікті соңғы басқаннан кейін
30 секундтан соң өшеді. Сіз басқару панелінің кез келген
түймешігін басқаннан кейін немесе тоңазытқыштың есігін
ашқаннан соң ол қайта жанады.

Содержание