Haier AFD634CX — холодильные отделения: регулировка температуры, влажности, смена режимов [91/102]

Превью страниц Страница 91 / 102
Haier AFD634CX [91/102] Ысырмалы шыны сөре
39
Тоңазытқыш бөлім азықтарды тек қысқамерзімді сақтауға
ғана пайдаланылады. Тоңазытқыш бөлім температурасын
+2° С және +8° С аралығында орнатуға болады.
0° С температуралық зоналы жәшік температурасының
диапазоны -2° С +3° С құрайды.
Ысырмалы шыны сөре
Суретте көрсетілген қарапайым әрекет арқылы ысырмалы
шыны сөрелердің орналасуын өзгерте аласыз. Бұл – биік
бөтелкелерді тік күйінде сақтағанға ыңғайлы.
Жемістер мен көкөністерге арналған,
ылғалдылық деңгейін реттеу мүмкіндіктері
бар жәшік
Тоңазытқыш бөлім көкөністер мен жемістерді сақтауға
арналған жәшікпен жабдықталған.
Сіз бұл жәшіктерде қажетті сақтау ылғалдылығын белгілей
аласыз. Қияр, жүзім, киви, құрманы және т.б. сақтауға
лайықты жоғары ылғалдылықты орнату үшін, ылғалдылық
реттегішін оңға қарай ауыстырыңыз.
Бүлдірген, апельсин, қызанақ, өрік, қарбыз және т.б.
сақтауға лайықты төмен ылғалдылықты орнату үшін,
ылғалдылық реттегішін солға қарай ауыстырыңыз.
Тоңазытқыш бөлім ерекшеліктері

Содержание

187

Холодильные отделения с возможностью регулировки температуры и влажности для эффективного хранения овощей, фруктов и других продуктов. Удобная система смены режимов хранения.