Samsung Galaxy Ace 4 Neo SM-G318H/DS [364/729] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Samsung Galaxy Ace 4 Neo SM-G318H/DS [364/729] Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ тілі
363
Қауіпсіздік туралы
ақпарат
Құрылғыны пайдалану алдында осы қауіпсіздік туралы
маңызды ақпаратты оқып шығыңыз. Ол құрылғылар
үшін жалпы қауіпсіздік туралы ақпаратты қамтиды және
құрылғыңызға қатысты емес мазмұнды қамтуы мүмкін.
Өзіңізге немесе басқаларға жарақатты болдырмау және
құрылғының зақымдалуын болдырмау үшін ескерту және
сақтандыру ақпаратын ескеріңіз.
«Құрылғы» термині өнімді және оның батареясын,
зарядтағышын, өніммен бірге қамтамасыз етілетін
заттарды және құрылғымен бірге пайдаланылатын
Samsung бекіткен қосалқы құралдарды білдіреді.
Ескерту
Қауіпсіздік ескертулерін және ережелерді
сақтамау ауыр жарақатқа немесе өлімге
әкелуі мүмкін
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын пайдаланбаңыз
немесе электр розеткаларына көп құрылғы қоспаңыз
Қорғалмаған қосылымдар ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғыны, зарядтағышты немесе оның кабельдерін не
болмаса электрлік розетканы ылғал қолыңызбен немесе
дененің басқа да ылғал бөліктерімен тимеңіз
Бұлай істеу қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.

Содержание