Haier HW-FS1050TXVEME [58/78] Жұмыс режимдері

Haier HW-FS1050TXVEME [58/78] Жұмыс режимдері
18
Жұмыс режимдері
«Интенсивті жуу» режимі
Кірден дақ кетіру қажет болғанда және заттар тым кірлеген
жағдайда «Интенсивті жуу» режимін қолдануға болады.
Бұл режим F түймесін басу арқылы қосылады және
онымен бірге сәйкес индикатор жанады. Осы режимді
қосқанда негізгі жуу уақыты, шаю әрекеттері мен сығу
уақыты көбеюі мүмкін.
Бұл режимді кейбір жуу бағдарламаларын таңдағанда
пайдалнауға болмайды, толығырақ ақпаратты 28-беттегі
«Жуу бағдарламаларын таңдау жөніндегі нұсқаулықтан»
қараңыз.
Жуу бағдарламаларын таңдау
Бағдарлама таңдауға арналған В тұтқасын сағат тілінің
бағытымен не оған қарсы бұрау арқылы қажетті режимді
таңдаңыз (қажетті бағдарламаны таңдау үшін 28-беттегі
«Кір жуу бағдарламаларын таңдау бойынша нұсқаулыққа»
назар салыңыз).
Кіржуғыш машина жады режимі
Бұл кіржуғыш машина электр қуаты кенеттен өшіп
қалған жағдайға арналған есте сақтау функциясымен
жабдықталған. Егер қандай да бір циклдің орындалу
барысында электр қуаты өшіп қалса немесе кіржуғыш
машинаны желіден ажырату қажет болған болса, машина
жуу бағдарламасының ағымдағы мәнін есте сақтайды,
ал электр қуаты қайта берілгенде, жуу бағдарламасының
циклі өшірілген сәттен ары қарай жалғасады.

Содержание