Haier HW50-12866ME [56/67] Кіржуғыш машинаның күтімі

Haier HW50-12866ME [56/67] Кіржуғыш машинаның күтімі
22
Барабанда жағымсыз иістер мен көгерудің пайда
болуынан қашу үшін, әр кір жуудың соңында кір салатын
люктің есігін жартылай ашық қалдырыңыз. Кіржуғыш
машинаны тазалау және баптау кезінде желі ашасын
розеткадан суырып тастаңыз. Кіржуғыш машинаның
корпусын және пластик пен резеңкеден жасалған
бөлшектерін тазарту үшін жұмсақ мата мен сұйық сабын
ерітіндісін пайдаланыңыз. Органикалық химиялық заттар
мен тотықтырғыш еріткіштерді пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттарға арналған ыдысты сумен үнемі шайып тұрыңыз,
бұл жағымсыз иістерді болдырмауға көмектеседі.
Суды ағызу сорабының сүзгішін тазалау
Сүзгішті айына бір рет тазартып тұрыңыз
Сүзгіш пен суды ағызу сорабын тазарту төмендегідей
жолмен жүзеге асырылады:
1. Кіржуғыш машинада су жоқтығына және оның электр
желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
2. Суды ағызу сорабының есігін, 1-суретте көрсетілгендей,
жалпақ бұрауыштың көмегімен ашыңыз.
3. 2-суретте көрсетілгендей, сораптың есігінің сыртындағы
кішкене төгу түтігін суырып алып шығып, суды шағын
ыдысқа ағызып алыңыз. Орнына кіші төгу түтігінің
бұқтырмасын орнатыңыз.
4. Суды ағызу сорабын оның қақпағын сағат тілінің
бағытына қарама-қарсы бұрай отырып ашыңыз (3-сурет).
5. Суды ағызу сорабының сүзгіші (4-сурет) мен корпусынан
барлық бөгде заттарды алып тастаңыз. Сораптың ішінде
орналасқан қалақтардың еркін айнала алатындығына көз
жеткізіңіз.
6. Суды ағызу сорабының сүзгішін орнына кері ретпен
бекітіңіз де, есігін жабыңыз (5-сурет).
Кіржуғыш машинаның күтімі

Содержание