Irit IR-6006 [4/4] Ir 6006 ir 6006

Irit IR-6006 [4/4] Ir 6006 ir 6006
IR-6006
IR-6006
Жеткізушінің сатып алушының келісімінсіз тауардың сыртқы түрін немесе
жиынтығын өзгертуге құқығы бар.
Құрал тек тұрмыстық мақсатта пайдалануға арналған.
Қараусыз қалдырмаңыз!
Техникалық сипаттама
Жұмыс кернеулігі: 220-240В/50Гц
Макс. қуат: 2000 Вт
Қызмет мерзімі: 2 жыл.
Құралды пайдалануға дайындау
Қауіпсіздік шаралары
Құралды пайдалану
Тазалау жəне техникалық қызмет
Желінің кернеулігі құралда көрсетілген кернеулікке сəйкес екенін тексеріңіз.
Розеткада да, штепсельде де ақаулар жоқ екенін тексеріңіз.
Құралды жазық тұрақты орынға орнатыңыз, ол құлап кетпейтінін тексеріңіз.
Құрал басқа заттардан жеткілікті қашықтықта орналасқанын тексеріңіз: құралдың
айналасынан 50 см кем емес жəне ауа шығу тесіктері жағынан 120 см кем емес.
Жылу желдеткішті ванна бөлмесі, душ немесе бассейннің жанына орнатуға
тыйым салынады.
Құралға су тисе немесе оның тұрқында ылғал жиналса, оны қосуға болмайды.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз.
Тасымалданатын электр жылу желдеткіштеріқосымша жылыту құралдары
ретінде бөлмені жылытуға арналған. Олар негізгі жылыту элементі ретінде
жарамайды.
Жұмыс барысында жылу желдеткіш қатты қызады. Теріңізді күйдірмеу үшін
қолмен ұстамаңыз.
Өрт болдырмау үшін жылу желдеткішті киім немесе мата материалдармен
жабуға тыйым салынады.
Құралдың тұрқына су тиюді болдырмаңыз, сондай-ақ бөлмені ылғалдылығы
жоғары бөлмеде пайдаланбаңыз.
Құралды су қолмен ұстамаңыз, бұл электр тогымен жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Ерекше қауіпсіздік шараларын құрал балалармен немесе мүгедектермен
қолданылғанда, немес олардың жанында тұрғанда, жылу желдеткіш
қосылып қараусыз қалғанда сақтау керек.
Құралды тез жанғыш жəне жарылғыш заттардың жанында пайдалануға
болмайды.
Бөгде заттарды ауаның кіру жəне шығу тесіктеріне қоймаңыз.
Құралды электр желісінен сөндіргенде айырдан ұстаңыз, сымнан тартпаңыз.
Айыры немесе сымы зақымдалған құралды пайдалануға болмайды.
Құрал жұмысында ақаулар пайда болса, жақын орналасқан қызмет орталығына
барыңыз. Құралды жөндеу тек мамандармен жүзеге асырылуы тиіс.
Осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз.
Термостатты минимумға, ал температура реттегішті «0» қалпына орнатыңыз.
Құралды желіге қосыңыз.
Құралдағы қуат реттегішінің 4 қалпы бар:
Құралды қосқанға дейін реттегішті қалыпқа орнатыңыз жəне құралға осы
тəртіпте 3-5 минут жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіз. Бұл қыздыру элементінің
қызмет мерзімін ұзартады.
Назар аударыңыз: жылу желдеткішті пайдаланғаннан кейін, сондай-ақ ол ұзақ
уақыт бойы пайдаланылмаса, электр желісінен сөндіруге ұмытпаңыз.
Құралды тазалар алдында оны салқындатыңыз жəне желіден сөндіріңіз.
Құралды дымқыл жұмсақ матамен сүртіңіз жəне щетканың көмегімен тазалаңыз.
Назар аударыңыз: құралды сумен жууға немес оны суға батыруға тыйым салынады.
Назар аударыңыз: құралды тазалау үшін ерітінділер, химиялық еріткіштер,
бензин, бензол жəне т.с.с. пайдалануға болмайды.
Құралды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оны сүртіп жəне орамаға
салу керек, құрғақ желдетілетін бөлмеде сақталуы тиіс.
Құралды ылғалдылығы жоғары бөлмеде сақтауға жəне оған механикалық əсер
тигізуге болмайды.
Электр құралды қайта падаланудың алдында оның техникалық жағдайын
тексеріңіз жəне құралдың ауа шығару тесігі бітелмегенін тексеріңіз.
6
7