HP LaserJet Pro M176n [20/24] Ақаулықтарды жою

HP LaserJet Pro M176n [20/24] Ақаулықтарды жою
20
Сымды (Ethernet)
желі қосылымы
Дұрыс ұзындықтағы кабельді
пайдаланып, өнімнің дұрыс желілік
портқа жалғанғанын тексеріңіз.
Желі портының жанындағы шамның
жанып тұрғанын тексеріңіз.
Компьютерде баспа драйвері
орнатылғанын тексеріңіз.
Желі ақпаратын жіберу арқылы желі
байланысын тексеріңіз:
Windows: Start (Бастау) > Run (Іске қосу)
тармағын таңдаңыз. cmd деп теріп Enter
пернесін басыңыз. «Ping» деп теріңіз, бос
орын енгізіңіз, өнімнің IP мекенжайын
теріңіз, одан кейін Enter пернесін
басыңыз.
OS X: желі утилитасын ашып, Ping
аймағына IP мекенжайын теріңіз. Enter
пернесін басыңыз.
Егер терезе ақпарат жіберу уақытын
көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
Егер ping жұмыс істемесе, өнімді қайта
іске қосып, қосылым қадамдарының
барлығын қайтадан тексеріп көріңіз.
Ақаулықтарды жою
Сымсыз желі
қосылымы
Желі кабелі ажыратылғанын тексеріңіз.
Желі кабелі қосылып тұрғанда, өнім
сымсыз желіге қосыла алмайды.
Өнімнің және сымсыз
маршрутизатордың қосылып тұрғанын
және қуаты бар екенін тексеріңіз.
Сымсыз қосқыштың қосылып тұрғанын
да тексеріңіз.
Өнім сымсыз желінің ауқымында екенін
тексеріңіз.
Көптеген желілер үшін, өнім сымсыз кіру
нүктесінің (сымсыз маршрутизатор) 30 м
(100 фут) асатын ауқымында болуы тиіс.
Компьютерде баспа драйвері
орнатылғанын тексеріңіз.
Компьютер және өнім бірдей сымсыз
желіге қосылғанын тексеріңіз.
Mac үшін сымсыз маршрутизатордың
Bonjour желісін қолдайтындығын
тексеріңіз.
Сымсыз маршрутизаторды қайта іске
қосыңыз.
Сымсыз диагностика сынағын орындау
1. Өнімнің басқару панеліндегі негізгі
экранда Setup (Орнату) түймесін
түртіңіз.
2. Self Diagnostics (Өзіндік диагностика)
тармағын, одан кейін Run Wireless Test
(Сымсыз сынақты іске қосу) тармағын
таңдаңыз.
Stella_EAC_GSG_CZ165-90955.indd 20 12-11-2014 19:45:30

Содержание

Похожие устройства