Philips GC 8638/20 [68/76] Қазақша

Philips GC 8638/20 [68/76] Қазақша
68
Маңызды
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өнімді www.philips.com/
welcome веб-торабында тіркеңіз.
Құралды пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды ақпарат парақшасын
және орамдағы жылдам бастау нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Келешекте қарау үшін
оларды сақтап қойыңыз.
Өнімге жалпы шолу (Cурет 1)
1 Жарығы бар ECO түймесі
2 Тоққа қосылғандығын білдіретін жарығы бар қосу/өшіру түймесі
3 EASY DE-CALC жарығы
4 EASY DE-CALC тұтқасы
5 Бу шлангісін сақтау бөлімі
6 Тасымалдау құлпын ашу түймесі (тек белгілі бір түрлерде)
7 Бу шығарғыш/буды күшейткіш (тек ерекше үлгілерде)
8 «Үтік дайын» шамы/«Су ыдысы бос» шамы
Optimal Temp технологиясы
Ешқандай температура және бу параметрі қажет емес.
OptimalTemp технологиясы үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік температурасын немесе
бу параметрін реттеместен кез келген ретте үтіктеуге мүмкіндік береді.
Мына белгілері бар маталарды, мысалы, зығыр, мақта-мата, полиэстер, жібек, жүн, вискоза және
жасанды жібекті үтіктеуге болады (Cурет 2).
Мына белгісі бар маталарды үтіктеуге болмайды. Бұл маталардың құрамында спандекс немесе
эластан, спандекс аралас талшықтар және полиолефиндер (мысалы, полипропилен) сияқты
синтетикалық талшықтар бар. Сондай-ақ, басылған суреті бар маталарды да үтіктеуге
болмайды (Cурет 3).
Пайдаланылатын су түрі
Бұл құрал құбыр суымен пайдалануға арналған. Суы өте қатты аймақта тұрсаңыз, қақ тез тұруы
мүмкін. Сондықтан, құралдың қызмет мерзімін ұзарту үшін тазартылған немесе
минералсызданған суды пайдалану ұсынылады.
Құралдың су ыдысына иіс суды, сірке суын, крахмалды, қақ кетіру заттарын, үтіктеуге
көмектесетін сұйықтықтарды немесе басқа химиялық заттарды салмаңыз, себебі құрал бұл
химиялық заттармен жұмыс істеуге арналмаған.
Үтіктеу
Құралды пайдалануды бастау үшін орамдағы жылдам бастау нұсқаулығын
мұқият оқып шығыңыз.
Ескертпе. Үтіктеу кезінде үтікті мата үстінде жылжытқанда, бу шығарғышты үздіксіз басып
тұрыңыз.
Буды күшейту функциясы (тек ерекше үлгілерде)
13 минут бойы жоғары үздіксіз бу шығару үшін бу шығарғышты екі рет жылдам басып,
босатыңыз. Яғни, қолайлырақ үтіктеу тәжірибесін беретін бу шығарғышты үздіксіз басудың
қажеті жоқ.
ҚАЗАҚША
4239_000_8864_1_DFU Booklet_Simple_A5_v4.indd 68 10/8/13 11:13 AM
Скачать