Electrolux ERX3214AOX [11/56] Жалпы ескертулер

Electrolux ERX3214AOX [11/56] Жалпы ескертулер
кіргізбеу үшін алюминий
жұқалтырға не полиэтилен қалтаға
орап салу керек.
Шөлмектер: оларға қақпақ жауып,
есіктің шөлмек сөресіне немесе
шөлмек сөресіне (бар болса) сақтау
керек.
Банан, картоп, пияз және сарымсақ
оралмаған болса, тоңазытқышта
сақтау керек.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Жалпы ескертулер
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу
жұмысын орындау
алдында, құрылғыны
сөндіріңіз.
Құрылғының
салқындатқыш жүйесінде
көмірсутек бар; жөндеу
және оны қайта толтыру
жұмыстарын тек уәкілетті
маман ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғының керек-
жарақтары мен
бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
6.2 Мерзімді тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше
немесе сымдардың
ешқайсысын тартуға,
қозғауға немесе бүлдіруге
болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені
бүлдіріп алудан
сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан
кезде, еденді сызып кетпес
үшін алдыңғы жағынан
көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын
тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып,
электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
Салқынырақ бөлікті негізгі бөліктен
бөліп тұрған ең төменгі сөрені алып
тазалауға болады. Шығарып алу үшін
сөрені тура тартыңыз.
0°C бөлімінің толық жұмыс
істеуін қамтамасыз ету
үшін төменгі сөре мен
жайпақ қақпақтарды
тазалағаннан кейін
бастапқы орнына қою
керек.
Камераның ішіндегі тартпалы
жәшіктердің үстіндегі жайпақ
қақпақтарды тазалау үшін алып
шығуға болады.
ҚАЗАҚ 11

Содержание

Скачать