Moulinex CE 5011 Инструкция по эксплуатации онлайн [39/44] 132511

Moulinex CE 5011 Инструкция по эксплуатации онлайн [39/44] 132511
39
*”Қуыру” функциясы
"Қуыру" режимінде температураның 7 режимі беріледі. Қажетті температураны "+" және "-"
пернелердің көмегімен орнатуға болады, сандық экранда температураның мәні көрсетіледі.
Алдымен майды қосып, одан кейін ингредиенттерді қосуға болады, немесе май мен
ингредиенттерді бірге қосуға да болады.
30 минуттан артық қуырмауға кеңес береміз, майдың температурасы тым жоғарылап кетуі
мүмкін.
**”Йогурт” функциясы
Негізіне алынатын ингредиенттер мен өзіңізге қажетті нәтижеге байланысты йогуртты ұйыту
ұзақтығы 6-дан 12 сағатқа дейін. Әзірлеу үшін бастапқы уақыт - 8 сағат; қажет болса
әзірлеу уақытын көбейте не азайта аласыз. Уақыт неғұрлым ұзақ болса, йогурт соғұрлым қою
әрі ферменттелген болады. Әзірлеу үрдісі аяқталғаннан соң алынған йогуртты кемінде 4
сағатқа тоңазытқышқа қою керек. Йогуртты ең ұзақ дегенде тоңазытқышта 7 күн сақтауға
болады.
Йогуртты әзірлеу жөніндегі ұсыныстар
Сүт
Қандай сүтті қолданған жөн?
Классикалық йогурт сиыр сүтінен жасалады. Соя сүті сияқты өсімдік сүтін немесе қой және
ешкі сүтін қолдануға болады, бірақ йогурттың қоюлығы қолданылған сүтке байланысты
болады. Бұл құралмен қолдануға шикі сүт, ұзақ мерзім сақталатын сүт және төменде
көрсетілген барлық сүт түрлері жарамды.
-Ұзақ мерзім сақтау үшін өңделген сүт: Жоғары температурада өңделген сүттен қою йогурт
жасалады. Жартылай майсыздандырылған сүттен жасалған йогурттың қоюлығы төмендеу
болады. Бірақ, жартылай майсыздандырылған сүтке бір немесе екі шыны сүт ұнтағын қосуға
болады.
-Өңделген сүт: бұл сүттен бетінде аздаған қаймағы бар майлы йогурт жасалады.
-Шикі сүт (ферма сүті): міндетті түрде қайнату қажет. Сүтті ұзақ уақыт қайнатуға кеңес
береміз.
Бұл сүтті қайнатпай қолдану қауіпті болуы мүмкін. Қайнатылған сүтті қолдануға дейін әбден
суытып алу қажет. Шикі сүттен жасалған йогурт ашытқысын қайта қолданбауға кеңес
береміз.
-Сүт ұнтағы: сүт ұнтағынан жасалған йогурт өте майлы болады. Өндіруші қорабындағы
нұсқауларды орындаңыз.
Ашытқы
Ашытқы жасауға болатын йогурт түрлері:
-Сақтау мерзімі ұзақ табиғи йогурт: сіз жасаған йогурттың қоюлау йогурт жасауға жарамды
ашытқы элементтері көбірек болады.
-Мұздатылған және құрғатылған ашытқылар. Мұндай жағдайда ашыту нұсқауларын
орындаңыз. Мұндай ашытқыларды супермаркетттер, дәріханалар және био өнімдер сататын
дүкендерден алуға болады.

Содержание

Скачать