Texet T-23 Black Инструкция по эксплуатации онлайн [28/34] 149187

27
зарядтауды немесе қосымша зарядтауды тек жеке
жағдайларда, уақытша немесе қосалқы әдіс ретінде
өткізуді ұсынады.
•АКБ дұрыс пайдаланғанда және оны пайдалану
қарқындылығы орташа болса, АКБ қызмет көрсету мерзімі
екі және одан көп жылға дейін және 400 зарядсыздану
циклына дейін жетуі мүмкін, алайда, уақыт өте келе АКБ
жұмысқа қабілеттілігі табиғи түрде төмендейтінін ескеру
керек, сондықтан ол барған сайын ұзағырақ зарядталады,
ал оның қосымша зарядтаусыз жұмыс уақыты қысқарады.
Бұл қалыпты.
•АКБ бөлме немесе оған жақын температурада
зарядтаңыз.
•АКБ зарядтау және құрылғыға қуат беру үшін тек
түпнұсқалық немесе өндіруші ұсынған ЗҚ құрылғыларын
қолданыңыз.
•Ақаулы зарядтау құрылғыларын және АКБ
қолдануға тыйым салынады.
•АКБ және ЗҚ бөлшектеуге, өзгертуге немесе
қыздыруға, сондай-ақ, олардың түйіспелерінде қысқа
тұйықталуды тудыруға тыйым салынады.
•ЗҚ кабелін немесе USB кабелін кесуге, зақымдауға,
біріктіруге, өзгертуге, сондай-ақ, оларды қысуға немесе
олардың үстіне ауыр заттарды қоюға болмайды. Осындай
кез келген әрекеттер қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін
және өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.

Содержание