Epson stylus pro 9890 c11cb50001a1 [4/28] ناملأا تاميلعت

4
Қауіпсіздік нұсқаулары
Принтерді қолданбастан бұрын барлық осы нұсқауларды оқып шығыңыз. Сондай-ақ,
принтердегі барлық ескертулер мен нұсқауларды міндетті түрде орындаңыз.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
Принтердегі тесіктерді бұғаттамаңыз не жаппаңыз.
Ұяларға нысандарды салмаңыз. Принтерге сұйықтық төгіп алмаңыз.
Принтермен бірге келетін қуат кабелін ғана қолданыңыз. Басқа кабельді қолдану өрт
шығуына немесе тоқ соғуға әкелуі мүмкін.
Құжаттамада арнайы түсіндірілгеннен басқа принтерге қызмет көрсетуге әрекеттенбеңіз.
Принтерді қуат көзінен ажыратып, келесі жағдайларда қызмет көрсету үшін білікті қызмет
көрсету мамандарына апарыңыз: Қуат кабелі немесе вилкасы зақымдалса; принтердің
ішіне сұйықтық тамып кетсе; принтер жерге құлап кетсе немесе сырты зақымдалса;
принтер дұрыс жұмыс істемесе немесе тиімділігі айтарлықтай өзгерсе.
Бірнеше сақтық шара
Принтерді қолданған кезде
Басып шығару кезінде қолыңызды принтердің ішіне кіргізіп, сия картридждеріне тиіп
көруге әрекеттенбеңіз.
Басып шығару бастарын қолмен жылжытпаңыз; принтерді зақымдауыңыз мүмкін.
Сия картридждерімен жұмыс істегенде
Сия картридждерін балалардың қолы жететін жерлерден аулақ ұстаңыз және олардың
ішіндегі заттарды ішпеңіз.
Сия картридждерін салқын әрі қараңғы жерлерде сақтаңыз.
Егер сия теріңізге тамып кетсе, сабынды сумен жуып жіберіңіз. Егер сия көзіңізге тиіп
кетсе, көзіңізді дереу сумен жуып жіберіңіз.
Сия картриджін қорабында басылған күннен кейін қолданбаңыз.
Ең жақсы нәтижелер алу үшін сия картриджін орнатылғаннан кейін алты ай ішінде
тауысыңыз.
Сия картридждерін ашуға немесе қайта толтыруға әрекеттенбеңіз. Бұл басып шығарудың
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Сия беру портына немесе оның айналасындағы жерге және сия картриджінің бүйіріндегі
жасыл IC чипке тимеңіз. Мұндай әрекет қалыпты жұмыс істеуге және басып шығаруға
әсер етуі мүмкін.























IC


Содержание

Похожие устройства

Скачать