Indesit i5v52(w)/ru Инструкция по эксплуатации онлайн [24/32] 155823

Indesit i5v52(w)/ru Инструкция по эксплуатации онлайн [24/32] 155823
24
KZ
Бірнеше сөреде бір уақытта тағам дайындау
Екі тартпаны қолдану қажет болса, ЖЕЛДЕТКІШТІ
ҚОЛДАНЫП пісіру режимін
пайдаланыңыз,
себебі ол тағам дайындаудың бұл түріне қолайлы
жалғыз пісіру режимі. Сондай-ақ, төмендегілерді
орындауды жөн санаймыз:
1- және 5-позицияларды қолданбау керек.
Себебі, тым қатты тура бағытталған қызу ыстыққа
сезімтал тағамды күйдіріп жіберуі мүмкін.
2- мен 4-позиция қолданылады және көбірек
қызуды қажет ететін тағам 2-позициядағы
тартпаға қойылады.
Пісіру уақыты мен температурасы әр түрлі
тағамдарды пісірген кезде ұсынылған екі
температураның («Пеште тағам дайындау
бойынша кеңестер» кестесін қараңыз) орташа
мәнін орнатыңыз және азырақ қызуды қажет
ететін тағамды 4-позицияға қойыңыз. Алдымен,
жылдамырақ пісетін тағамды алып шығыңыз.
Температураны 220 °С-қа орнатып бірнеше
тартпада пицца пісірген кезде пеш 15 минут
алдын ала қыздырылады. Жалпы айтқанда,
4-позициядағы тартпада пісіру ұзағырақ болады:
алдымен, төменгі тартпа позициясындағы
пиццаны алып, одан бірнеше минуттан кейін
4-позициядағы пиццаны алып шыққан жөн.
Май жинайтын табаны астыңғы жаққа, ал
тартпаны үстіңгі жаққа орнатыңыз.
Термостат индикатор шамы
Ол пештің қызу кезеңін білдіреді; пеш ішіндегі
температура орнатылған температураға жеткен
кезде шам сөнеді. Бұл кезде индикатор шамы
бір жанып, бір сөніп тұрады; яғни термостат пеш
ішіндегі температураны тұрақты ұстап тұру үшін
дұрыс жұмыс істеп тұр.

Содержание