LG 55lf650v [39/87] Байланыстар хабарландырулар

LG 55lf650v [39/87] Байланыстар хабарландырулар
12
ҚАЗАҚША
Қабырғаға бекіту қапсырмасын орнатқанда, қорғағыш
жапсырманы пайдаланыңыз. Қорғағыш жапсырма
саңылауды жиналатын шаң мен ластан қорғайды. (Тек
келесі түрдегі зат қамтамасыз етілгенде)
Қамтамасыз етілген зат
Қорғағыш жапсырма
При креплении телевизора к кронштейну для
настенного крепления стороннего производителя
вставьте фигурные шайбы настенного крепления в
отверстия для крепления телевизора к стене для
сохранения его вертикального положения. (Тек келесі
түрдегі зат қамтамасыз етілгенде)
Қамтамасыз етілген зат
Фигурная шайба
настенного
крепления
Байланыстар
(хабарландырулар)
Теледидарға əр түрлі сыртқы құрылғыларды жалғап,
сыртқы құрылғыны таңдау үшін, кіріс сигналы режимдерін
ауыстырып қосыңыз. Құрылғының сырртқы қосылымы
туралы қосымша ақпарат алу үшін əр құрылғымен бірге
берілетін нұсқаулықты қараңыз.
Қолдануға болатын сыртқы құрылғылар: HD ресиверлері,
DVD ойнатқыштары, бейнемагнитофондар, дыбыстық
жүйелер, USB жад құрылғылары, компьютерлер, ойын
құрылғылары жəне басқа да сыртқы құрылғылар.
ЕСКЕРТПЕ
Сыртқы құрылғыны жалғау түрі үлгіге қарай əртүрлі
болуы мүмкін.
Теледидарға сыртқы құрылғыларды теледидар
портының ретіне қарамастан жалғаңыз.
Егер теледидар бағдарламасын DVD рекордеріне
немесе бейнемагнитофонға жазсаңыз, теледидардың
сигнал кіріс кабелін теледидарға міндетті түрде DVD
рекордері немесе бейнемагнитофон арқылы жалғаңыз.
Жазу туралы қосымша ақпаратты жалғанған құрылғының
нұсқаулығынан қараңыз.
Пайдалану туралы нұсқауларды сыртқы құрылғының
нұсқаулығынан қараңыз.
Ойын құрылғысын теледидарға жалғаған кезде,
құрылғымен бірге жабдықталған кабельді қолданыңыз.
Компью
тер режимінде ажыратымдылық, тік өрнек, түс
контрасты немесе жарықтыққа байланысты кедергілер
тууы мүмкін. Шу бар болса, компьютер шығысын басқа
ажыратымдылыққа немесе жаңалау жиілігін басқа
жиілікке өзгертіңіз немесе СУРЕТ мəзіріндегі жарықтық
жəне түс контрастын бейне таза болғанға дейін реттеңіз.
Компьютер режимінде кейбір ажыратымдылық
параметрлері графикалық тақтаға байланысты дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
Антеннаны жалғау
RF кабелі (75 Ω) арқылы теледидарды қабырғадағы
антенна ұясына жалғаңыз.
2-ден көп ТД пайдалану үшін сигнал сплиттерін
пайдаланыңыз.
Егер бейне сапасы нашар болса, бейне сапасын
жақсарту үшін сигнал күшейткішін тиісті түрде
орнатыңыз.
Егер антенна қосылған күйде бейне сапасы нашар
болса, антеннаның бағытын түзетіңіз.
Антенна кабелі жəне конвертер қамтамасыз етілмеген.
Қолдау көрсетілетін DTV аудио: MPEG, Dolby Digital,
Dolby Digital Plus, HE-AAC
Жерсерік тəрелкесі қосылымы
(Тек жерсерік үлгілері)
Теледидарды жерсеріктің ұяшығына жерсерік RF
кабелімен (75 Ω) жалғаңыз.
CI модуль байланыс
(Модельге байланысты)
Шифрленген (ақылы) қызметтерді сандық теледидар
режимінде көру. Бұл мүмкіндік барлық елде жоқ.
ЕСКЕРТПЕ
CI модулінің PCMCIA карта ұясына дұрыс салынғанын
тексеріңіз. Егер модуль сəйкесінше енгізілмесе,
теледидар немесе PCMCIA карта ұяшығына зақым
келуі мүмкін.
CI+ CAM қосылғанда теледидарда ешбір бейне
немесе аудио көрсетілмесе, Жер/Кабель/Жерсерік
қызмет операторымен хабарласыңыз.
Euro Scart қосылымы
(Модельге байланысты)
Бейне жəне дыбыс сигналдарын сыртқы
құрылғыдан теледидарға жібереді. Келесі
суретте көрсетілгендей, сыртқы құрылғы
жəне теледидарды Euro Scart кабелі арқылы
жалғаңыз.

Содержание

Скачать