Weissgauff ALPHA 60 PB X [11/12] Декоративтік сорғыш құрылғы

Weissgauff kappa 60 tc bl [11/12] Декоративтік сорғыш құрылғы
11
ДЕКОРАТИВТІК СОРҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫ
Құрметті клиент,
Сорғыш құрылғымызды сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Осы нұсқауларды
құрылғыны оңтайлы орнату, пайдалану және жөндеу мақсатында мұқият оқып шығыңыз.
Ескертпелер: Осы нұсқаулықта келтірілген суреттер бірінші беттерде
берілген.
Сорғыш құрылғыны қабырғаға орнату (суреттердегі таңбаны қараңыз)
Ескерту: түтін шығаратын науаларға қатысты жергілікті нұсқауларға
назар аударыңыз. Сорғыш құрылғыны түтін, желдету немесе ыстық ауа
өткізгішіне жалғамаңыз. Бөлмедегі желдету жүйесінің жарамды екендігін
жергілікті өкіметпен бірге растаңыз. Бөлмедегі жабдықтарға арналған
максималды ауа шығару ағыны 4 Па (0,04 мбар) деңгейінен аспайтындығына
көз жеткізіңіз. Сорғыш құрылғы газ не басқа отынмен жұмыс істейтін
жабдықтармен пайдаланылған жағдайда, бөлмеде жеткілікті желдету болуы
керек. Босатылатын ауа газ не басқа отынмен жұмыс істейтін жабдықтардан
түтінді босату үшін пайдаланылған каналдар арқылы шығарылуы керек. Ауа
шығару бойынша нұсқаулар орындалуы керек.
Түтінді сыртқа босату үшін, кемінде Ø l20 мм қатты полихлорвинил түтігін
пайдаланыңыз.
Жоғарыдағы шектеулер түтінді сыртқа шығаратын науалары жоқ сорғыш құрылғылар
үшін қолданылмайды (белсендірілген көмір сүзгісі бар ауа айналымы жүйесі).
Сорғыш құрылғыны берілген үлгідегі нұсқауларға және 1-16 суреттердегі
көрсетілімдерге сәйкес орнатыңыз.
Газ плитасының бетінен сорғыш құрылғыға дейінгі қашықтық (3-сурет) берілген
үлгіде көрсетілгеннен жоғары болса, газ плитасын өндірушінің
көрсетілімдеріне назар аударыңыз.
Тек тұрмыстық газ плиталары үшін: сорғыш құрылғыға дейін минималды
қашықтық кемінде 65 см болуы керек.
Сорғыш құрылғыны электрлік жүйеге жалғау
Ескерту: сорғыш құрылғыны жалғамас бұрын: қуат көзін өшіріңіз
де, берілген кернеу мен жиілік құрылғының фирмалық тақтасында
көрсетілген кернеу мен жиілікке сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Егер сорғыш құрылғыда аша болса, оны тиісті нұсқауларға сай қолжеткізуге
болатын жерде орналасқан электрлік розеткаға жалғаңыз.
Егер сорғыш құрылғыда аша жоқ болса, оны жергілікті нұсқауларға сай
ажыратылуға қолжетімді ажыратқыш құрылғымен қорғалған электрлік жүйеге
тікелей жалғаңыз.
Сорғыш құрылғыны пайдалану – Қауіпсіздік
Ескерту: сорғыш құрылғы электростатикалық ток соғу (мысалы,
найзағай) барысында жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдай зақым
қаупін тудырмайды. Сорғыш құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз және
бір минуттан кейін қайта қосыңыз.
Балаларға немесе дене, сезу не ақыл қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі
мен біліктілігі аз адамдарға олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан
құрылғыны пайдалану бойынша нұсқаулар алмаған жағдайда сорғыш құрылғыны
пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Балалар құрылғымен ойнамауы үшін бақылауда болуы керек.
Өрт қаупін болдырмау үшін, металл сүзгіні жиі тазалаңыз, ыстық май
қамтитын табаларды әрдайым бақылаңыз және сорғыш құрылғы астындағы
азық-түлікті ысытпаңыз.
Сорғыш құрылғыда зақым не ақау белгілері көрінсе, оны пайдаланбаңыз. Ресми
дистрибьюторға немесе өкілетті дилерге хабарласыңыз.
Тұрмыстық плиталарды пайдалану кезінде қолжетімді бөліктер қызуы мүмкін.
Сорғыш құрылғыны пайдалану - Басқару панелі (суреттердегі таңбаны
қараңыз)
Әртүрлі басқару панельдері төменде сипатталған. Сорғыш құрылғыңызда
орнатылған панель үлгісін тексеріңіз және әр үлгі үшін көрсетілген суретті қараңыз.
Жылжымалы қосқышы бар панель (P1 суреті)
1- Сорғыш желдеткіш жылдамдығы - күйлер: ӨШІРУ, 1, 2 және 3 жылдамдықтары
2- Сорғыш желдеткіштің жұмысын басқару сигналдық шамы.
3- Жарықты қосу және өшіру қосқышы.
Электрондық түймесі бар панель (P2 суреті)
1- Жарықты қосу және өшіру.
2- Жарық жұмысын басқару сигналдық шамы.
3- Сорғыш желдеткіш жылдамдығы - түйме: 1, 2 және 3 жылдамдықтары:
Сорғыш желдеткішті өшіру үшін, ағымдағы жылдамдықты қайта басыңыз.
4- Сорғыш желдеткіштің жұмыс жылдамдығын басқару сигналдық шамы.
Таймер: дисплей жыпылықтамағанша таңдалған жылдамдық түймесін екі
секунд басып тұрыңыз. Сорғыш желдеткіш 15 минуттан кейін жұмысын
тоқтатады және жарық өшеді. Таймерді тоқтату үшін: таңдалған жылдамдық
түймесін бір рет басыңыз.
Төрт жылдамдықты панель - Сандық дисплей (P3 суреті)
1- Жарықты қосу және өшіру.
2- Сорғыш желдеткішті қосу және өшіру.
3- Сорғыш желдеткіш жылдамдығын азайту.
4- Сорғыш желдеткіш жылдамдығының диспей панелі.
5- Сорғыш желдеткіш жылдамдығын арттыру.
6- Сорғыш желдеткіштің турбо жылдамдығын қосу.
7- Сорғыш желдеткіштің таймерін қосу және өшіру.
Таймер: сорғыш желдеткіш ағымдағы жылдамдықпен 5 минут жұмыс істейді
және содан кейін төменірек жылдамдықтардың әрқайсысымен 5 минут жұмыс
істеп, жұмысын тоқтатады және жарығы өшеді.
Бес түймелі панель (P4 суреті)
1- Сорғыш желдеткіштің жұмысын басқару сигналдық шамы.
2- Жарықты қосу және өшіру.
3- Сорғыш желдеткішті өшіру.
4- Сорғыш желдеткіш жылдамдығы - түйме: 1, 2 және 3 жылдамдықтары
Сенсорлық панель (P5 суреті)
1- Сүзгіні тазалау туралы ескерту дисплейі/түймесі. Сүзгіні ауыстыру
қажеттілігі туралы ескерту – сүзгіні тазалағаннан немесе ауыстырғаннан
кейін өшіру үшін басыңыз.
2- Сорғыш желдеткіштің таймерін қосу және өшіру.
3- Жарықты қосу және өшіру. Жарық қарқындылығын реттеу үшін басып
тұрыңыз.
4- Сорғыш желдеткішті қосу және өшіру.
5- Сорғыш желдеткіш жылдамдығы - түйме: 1, 2 және 3/4 жылдамдықтары
Таймер: сорғыш желдеткіш ағымдағы жылдамдықпен 5 минут жұмыс істейді
және содан кейін төменірек жылдамдықтардың әрқайсысымен 5 минут жұмыс
істеп, жұмысын тоқтатады.
Жылжымалы сенсорлық панель (P6 суреті)
1- Сорғыш желдеткішті қосу және өшіру.
2- Сорғыш желдеткіштің жылдымдағын басқаруға арналған жылжымалы
сенсорлық панель. Сонымен қатар -3- түймесімен бірге пайдаланылады.
3- Жарықты қосу және өшіру. Түймені басыңыз да, ол жыпылықтаған кезде
жарық қарқындылығын -2- жылжымалы сенсорлық панелі арқылы реттеңіз.
4- Сорғыш желдеткіштің таймерін қосу және өшіру.
5- Сүзгіні тазалау туралы ескерту дисплейі/түймесі. Сүзгіні ауыстыру
қажеттілігі туралы ескерту – сүзгіні тазалағаннан немесе ауыстырғаннан
кейін өшіру үшін басыңыз.
Таймер: сорғыш желдеткіш ағымдағы жылдамдықпен 2 минут жұмыс істейді
және содан кейін төменірек жылдамдықтардың әрқайсысымен 2 минут жұмыс
істеп, жұмысын тоқтатады және жарығы өшеді.
Сорғыш құрылғыға техникалық қызмет көрсету
Ескерту: сорғыш құрылғыға техникалық қызмет көрсету алдында
әрқашан қуат көзін өшіріңіз. Ақаулық пайда болған жағдайда, ресми
дистрибьюторға немесе өкілетті дилерге хабарласыңыз.
Сыртын тазалау: тот баспайтын, сұйық тазалағыш құралды пайдаланыңыз және
абразивті тазалағыш өнімдерді пайдаланбаңыз.
Май сүзгілері: өртке жол бермеу үшін, айына бір рет немесе дисплейдің сигналдық
шамы осылайша көрсетілген кезде мұқият тазалаңыз. Тазалау үшін, сүзгілерді
алып тастаңыз да, жылы сумен және тазалағыш құралмен жуыңыз. Егер ыдыс-
аяқ жуатын машина пайдаланылса, сүзгілердің үстіне қатты қалдықтардың
тұнуына жол бермеу үшін, сүзгілерді тіке орналастырыңыз.
Белсендірілген көмір сүзгілері: әр 3 ай сайын ауыстырыңыз.
Маңызды: сорғыш құрылғы күніне 2 сағаттан артық пайдаланылса,
сүзгіні тазалау/ауыстыру жиілігін арттырыңыз. Әрқашан өндіруші
қамтамасыз еткен түпнұсқа сүзгілерді пайдаланыңыз.
Лампаны ауыстыру (суреттердегі таңбаны қараңыз)
Ескерту: қуат көзі өшірілмегенше және лампалар суымағанша,
лампаларды ұстамаңыз.
Маңызды: сорғыш құрылғының фирмалық тақтасында көрсетілген
жаңа лампаларды пайдаланыңыз.
Галогендік лампаларды ауыстыру үшін, алюминий қайтарғышы бар лампаларды
пайдаланыңыз. Дихроикалық лампаларды пайдаланбаңыз - шамадан тыс қызу
қаупі бар.
Вольфрам лампалармен жабдықталған сорғыш құрылғыларда, шамдар тек
мотор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылуы керек. Оларды қосулы күйде
тұрақты қалдыруға және жарық көзі ретінде пайдалануға болады.
Заңды ақпарат
Өндіруші:
- Бұл өнім 12 желтоқсан 2006 ж. 2006/95/EC директивасында белгіленген
төмен кернеулі электрлік жабдық және 15 желтоқсан 2004 ж. 2004/108/EC
директивасында белгіленген электрмагниттік үйлесімділік бойынша барлық
негізгі талаптарға сәйкес келетіндігі туралы мәлімдейді.
- Осы нұсқаулықта берілген нұсқаулардың және жабдықты дұрыс пайдалануға
қатысты ағымдағы қауіпсіздік ережелерінің орындалмағаны үшін жауапкершілік
көтермейді.
- Жабдыққа немесе осы нұсқаулыққа кез келген өзгерістерді алдын ала ескертусіз
енгізуге құқығын сақтайды.
Техникалық қолдауды немесе өнімдіріміз бойынша қосымша ақпаратты талап
етсеңіз, біздің ресми дистрибьюторымызға хабарласыңыз.
KK

Похожие устройства

Скачать