Philips saeco hd 8648/01 [25/74] Қазақша

Philips saeco hd 8648/01 [25/74] Қазақша
Мәселе Шешім
Құрылғы қақ түсіру
процедурасында тұрып
қалды.
Қосу/өшіру түймесін басыңыз. Қақ түсіру процедурасын қайта бастауға
немесе «Құрылғының қағын түсіру» тарауындағы нұсқауларды орындауға
болады.
Кофе жетерліктей
ыстық емес.
Шыныаяқтарды алдын ала қыздырыңыз. Қабырғасы жұқа шыныаяқтарды
пайдаланыңыз.
Эспрессода жеткілікті
кілегей жоқ.
Кофе дәндерінің басқа түрін пайдаланыңыз немесе керамика кофе
тартқышты реттеңіз («Құрылғыны пайдалану» тарауының «Тарту
дәрежесін реттеу» бөлімін қараңыз).
Демдеу блогын алу
мүмкін емес.
Техникалық қызмет көрсету есігін ашпай тұрып, тартылған кофе ыдысын
алыңыз. Демдеу блогын әлі ала алмай жатсаңыз, төмендегі қадамдарды
орындаңыз. Тартылған кофе ыдысын қайта салып, техникалық қызмет
көрсету есігін жабыңыз да, құрылғыны қосыңыз. Құрылғы пайдалануға
дайындалады. Құрылғыны өшіріп, демдеу блогын қайтадан алып көріңіз.
Демдеу блогын
орнына қою мүмкін
емес.
Тұтқа демдеу блогының түбіне тиіп тұрғанын тексеріңіз. Сондай-ақ, демдеу
блогының ілгегі дұрыс күйде екенін тексеріңіз. «Тазалау және техникалық
қызмет көрсету» тарауының «Демдеу блогын тазалау» бөлімін қараңыз.
Демдеу блогын әлі орнына қоя алмай жатсаңыз, тартылған кофе ыдысын қайта
салыңыз да, демдеу блогын сыртта қалдырыңыз. Техникалық қызмет көрсету
есігін жабыңыз, құрылғыны қосыңыз. Құрылғы пайдалануға дайындалады.
Құрылғыны өшіріп, демдеу блогын қайтадан орнына қойып көріңіз.
Құрылғы кофе
дәндерін тартады,
бірақ кофе шықпайды
(ескертпені қараңыз).
Кофе шығару арнасын тазалап, тартқышты үлкенірек параметрге
орнатыңыз. Демдеу блогын тазалаңыз («Тазалау және техникалық қызмет
көрсету» тарауының «Демдеу блогын тазалау» бөлімін қараңыз).
Су ыдысына су құйыңыз.
Кофе шүмегін тазалаңыз.
Кофе тым сұйық
(ескертпені қараңыз).
Керамика кофе тартқышты майдарақ параметрге реттеңіз («Құрылғыны
пайдалану» тарауының «Тарту дәрежесін реттеу» бөлімін қараңыз).
Құрылғы өзін жаңа тарту параметрлеріне реттеуі үшін кофенің бірнеше
шыныаяғын демдеңіз.
Кофе дәндерінің басқа түрін пайдаланыңыз.
Тамшы науасында су
бітіп қалады.
Бұл — қалыпты жағдай. Тамаша кофе шыныаяғын алу үшін құрылғы ішкі
тізбекті, ал демдеу блогын шаю үшін суды пайдаланады. Судың біраз
бөлігін ішкі жүйе арқылы тікелей тамшы науасына ағады. Тамшы науасын
жүйелі түрде босатып тұрыңыз.
Құрылғы ағып жатқан
сияқты.
Тамшы науасы толы және демдеу немесе қақ түсіру процедурасы кезінде
толып кетеді.
Су ыдысы ағып жатқанын тексеріңіз.
Демдеу блогы немесе демдеу блогының артындағы немесе астындағы
арналар бітелген болуы мүмкін. Демдеу блогын жылы сумен шайып,
жоғарғы сүзгіні мұқият тазалаңыз. Сондай-ақ, құрылғының ішін жұмсақ,
дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
ҚАЗАҚША 25